QazIndustry Республика күнімен құттықтайды

«QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ барша қазақстандықтарды Ұлттық мереке – Республика күнімен шын жүректен құттықтайды!

1990 жылғы 25 қазанда Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның қабылдануы еліміздің тәуелсіздікке бастар жолындағы маңызды тарихи қадам болды. Биыл біз бұл күнді ел тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңында экономикасы орнықты, қарқынды дамып келе жатқан мемлекет ретінде атап өтудеміз.

Баршаңызға зор денсаулық, әр шаңыраққа шаттық пен бақ-береке және жаңа жетістіктер тілейміз! Отанымыз – Қазақстан Республикасы нығайып, гүлдене берсін!