QazIndustry-де «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС-нің (ПМХЗ) сатып алуларындағы қазақстандық тауарлардың үлесін және елішілік құндылық деңгейін арттыру мәселелері бойынша кеңес өтті. Кездесуге «QazIndustry» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Әділет Бектембаев, елішілік құндылықты дамыту және қазақстандық тауар өндірушілерді қолдау дирекцияларының басшылығы, ПМХЗ өкілдері мен отандық тауар өндірушілер қатысты.
Кездесудің негізгі мақсаты – ірі тапсырыс беруші мен қазақстандық кәсіпорындар арасындағы өзара іс-қимылды кеңейту, сондай-ақ отандық өнімді сатып алу көлемін ұлғайтудың перспективалы бағыттарын айқындау.
Кеңес барысында ПМХЗ-ның тауарларға деген қажеттілігі, қазақстандық кәсіпорындардың өндірістік мүмкіндіктері, жаңа тауар түрлерін игеру және қолданыстағы өндірістерді жаңғырту перспективалары қаралды. Сатып алулардағы отандық өнімнің үлесін арттыру және өнеркәсіптік кооперацияны дамыту мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, кездесуде ұзақ мерзімді жеткізу шарттары мен оффтейк-келісімшарттар жасасу және ұзақ мерзімді ынтымақтастық тетіктері қаралды. Бұл құралдарды қолдану отандық өндірушілерге ірі тапсырыс берушілердің қажеттіліктерін ескере отырып, өндірістік қызметін жоспарлауға, өндірістік қуаттарын кеңейтуге және сұранысқа ие өнім түрлерін игеруге мүмкіндік береді.
Еске сала кетейік, QazIndustry отандық өндірісті дамытуға, әлеуетті қазақстандық жеткізушілерді анықтауға және олардың ірі кәсіпорындардың сатып алуларына қатысуын кеңейтуге жәрдемдеседі. Мұндай кездесулер тапсырыс берушілер мен өндірушілер арасында тікелей байланыс орнатуға, импортты алмастыру мүмкіндіктерін анықтауға және тұрақты өндірістік байланыстар қалыптастыруға ықпал етеді.
Кеңес қорытындысы бойынша тараптар қазақстандық өнім жеткізілімін кеңейтуге, локализация деңгейін арттыруға және ПМХЗ сатып алуларындағы елішілік құндылық үлесін ұлғайтуға бағытталған одан арғы ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарын айқындады.
