2026 жылғы қаңтар–қыркүйек айларында ағаш жаңқасы мен жоңқасын өндіру көлемі 5,9 есеге – 768,7 тоннадан 4 588,7 тоннаға дейін өсті. Бұл туралы «QazIndustry» АҚ Жеңіл өнеркәсіп, ағаш өңдеу, жиһаз өнеркәсібін және құрылыс материалдары өндірісін дамыту дирекциясы хабарлады.
«Мұндай жоғары көрсеткішке Жамбыл облысында өндіріс көлемінің 7,3 есеге (6,3 млн теңгеден 46,6 млн теңгеге дейін), ал Түркістан облысында 10,2 есеге (7,3 млн теңгеден 74,1 млн теңгеге дейін) артуы есебінен қол жеткізілді», – делінген хабарламада.
Айта кетейік, ағаш жаңқасы мен жоңқасы – ағаш өңдеу өндірісінің жай ғана қалдықтары емес, құрылыс пен ландшафт дизайнынан бастап, мал шаруашылығы мен азық-түлік өнімдерін ыстауға дейінгі әртүрлі салаларда кеңінен қолданылатын құнды материал.
