Алматы қаласында мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру бойынша дөңгелек үстел
27 қыркүйектен 29 қыркүйекке дейін Еуропа қайта құру және даму банкі (ЕҚҚДБ), ҚР ИДМ Индустриялдық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті, Қазақстандық индустрия дамыту институты, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры, Алматы қаласы кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы және салалық қауымдастықтар қатысуымен мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру бойынша дөңгелек үстел өткізілді.
Бұл іс-шараның негізгі мақсаты еңбек өнімділігін арттыруына бағытталған ұсынылатын мемлекеттік қолдау шараларын және салалық бизнесті жақсарту бойынша бірлескен қадамдарды анықтау болып табылады.
«ҚИДИ» АҚ өкілі – «ҚИДИ» АҚ Қолдау құралдар орталығының директоры Еділбаева Р.Т. сөз сөйлеу шеңберінде еңбек өнімділігін арттыруына бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну шарттары мен механизмі таныстырылды.
Еділбаева Р.Т. қатысушыларға Еңбек өнімділігін арттыруға және аумақтық кластерлерді дамытуға бағытталған индустриялық-инновациялық субъектілеріне мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну қағидаларына енгізілген басты өзгерістерге сәйкес кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттік қолдау шараларын алу мүмкіншіліктері көбейгені туралы айтып өтті, соның ішінде өтініш берушіге талаптар жеңілдетілді, 6-12 айдан 24 айға дейін өтінімдер ұсыну кезеңі ұлғайтылды, өтініш берушімен жұмсалған шығындарды өтеу ең жоғарғы соммасы 20-30 млн.теңгеден бастап 60 млн.теңгеге дейін көбейтілді.
Семинарға қатысушылардың барлық қызыққан сұрақтарына толық жауаптар берілді.
Бұған қоса, «ҚИДИ» АҚ өкілі жоғарыда аталған қолдау шараларын ұсыну тетігі туралы кез-келген адам «ҚИДИ» АҚ ресми сайтында www.kidi.gov.kz «БИЗНЕСТІ ҚОЛДАУ» - «Өнімділік-2020» бөлімі арқылы таныса алатынын егжей-тегжей таныстырып өтті.