«ҚИДИ» АҚ «KazWaste» Қазақстандық қалдықтарды басқару жөніндегі қауымдастықпен бірлесіп, еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік қолдау шаралары бойынша бірінші вебинар өткізді
2017 жылдың 6-шы қазанында «Қазақстандық индустрия дамыту институты» АҚ (бұдан әрі – «ҚИДИ» АҚ) өкілдері «KazWaste» Қазақстандық қалдықтарды басқару жөніндегі қауымдастықтың өкілімен бірлесіп (бұдан әрі - Қауымдастық), Қауымдастықпен ұйымдастырылған вебинар арқылы «Өнімділік 2020» бағыты шеңберінде мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну шарттары мен тетіктерін түсіндіру бойынша семинар-кеңес өткізді. Вебинарға 20-дан астам адам қатысты.
«ҚИДИ» АҚ қызметкерлері – Қолдау құралдары орталығының директоры Р.Т. Еділбаева және Қолдау құралдары орталығының бас сарапшысы А.Н. Сағиев – еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну шарттары мен тетіктерін түсіндірді.
Вебинар барысында туындаған сұрақтарға толық жауаптар берілді.
Кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік қолдау туралы «ҚИДИ» АҚ-ның www.kidi.gov.kz ресми сайтының «Бизнесті қолдау» - «Өнімділік 2020» бөлімінде толық танысуға болады.