«ҚИДИ» АҚ Оңтүстік-Қазақстан облысының КИИД және ТБ-мен бірлесіп еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру бойынша семинар-кеңес өткізді
2017 жылдың 27 қазанында «ҚИДИ» АҚ-ның өкілі Оңтүстік-Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму және туризм Басқармасымен бірлесіп Шымкент қ. кәсіпкерлік субъектілері үшін «Өнімділік 2020» бағыты шеңберінде мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну шарттары мен тетіктерін түсіндіру бойынша семинар-кеңес өткізді.
Семинарға шамамен 50 адам қатысты, олардың ішінде әкімдік және өндірістік кәсіпорындардың өкілдері болды.
«ҚИДИ» АҚ қызметкері – қолдау құралдары Орталығының директоры Р.Т. Еділбаева еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну шарттары мен тетіктерін түсіндіру бойынша таныстыру рәсімімен сөз сөйледі.
Семинарға қатысушылардың барлық қызықтыратын сұрақтарына толық жауаптар берілді.
Кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік қолдау туралы «ҚИДИ» АҚ-ның www.kidi.gov.kz ресми сайтының «Бизнесті қолдау» - «Өнімділік 2020» бөлімінде толық танысуға болады.