Алматыда «Қазақстандағы еңбек өнімділігі: өсудің негізгі шарттары» конференциясы өтті.
2017 жылғы 29 қарашада «ҚИДИ» АҚ өкілі - Қолдау құралдары орталығының директоры Р.Т. Еділбаева «Кайдзен Арсенал» ЖШС ұйымдастырған «Қазақстандағы еңбек өнімділігі: өсімнің негізгі шарттары» Кайдзен-конференциясына қатысты. Конференция аясында «ҚИДИ» АҚ өкілі ағымдағы жылдың 3 қазанында күшіне енген өзгерістерді ескерумен, Еңбек өнімділігін арттыруға және аумақтық кластерлерді дамытуға бағытталған, индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау ұсыну қағидалары аясында ұсынылатын мемлекеттік қолдауды ұсыну жағдайлары мен тетіктерін түсіндіріп өтті.
Бизнес өкілдері «ҚИДИ» АҚ ұсынатын қолдау шараларына зор қызығушылық танытты, оларды қызықтырған сұрақтарға толыққанды жауаптар берілді. Конференцияға шамамен 40 қатысушы-кәсіпорын қатысты.
Кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік қолдау туралы «ҚИДИ» АҚ-ның www.kidi.gov.kz ресми сайтының «Бизнесті қолдау» - «Өнімділік 2020» бөлімінде толық танысуға болады.