Adidas қайта өңделген пластиктен киім жасайтын болады
Неміс спорт бренді 2024 жылға деін киім тігу барысында тек қайта өңделген пластикті қолданатын болады.
Компания өкілдері қазіргі таңда қолданылатын полиэстерден бас тартатының хабарлады. Adidas, әлемнің басқа брендтері секілді көбіне жеңіл әрі тез құрғайтын полиэстерді пайдаланады. Компания болашақта спорттық экипировканы пластик бөтелкелері, ескі киім және басқа да қоқыстардан өңдірілген пластиктен шығаратын болады.
Табиғатты қорғаудың жаңа бағдарламасына сәйкес Adidas биылғы жылдан бастап жылына 40 тонна пластик үнемдейтін болады. 2019 жылдың жаз айларына жақын компания өнімінің 41% қайта өңделген пластиктен шығарылады деп күтілуде. Сонымен қатар, компания ағымдағы жылы қайталама шикізаттан 5 млн. пар аяқ киім өндірмек (2017 жылы 1 млн. пар).
Adidas — экология мәселелеріне аландап отырған жалғыз компания емес. Мәселен, фастфуд нарығындағы компаниялар да пластиктен бас тартуда.
«Starbucks» және «Макдоналдс» секілді компаниялар өз ресторандарында пластик түтікшелерін қағаз түтікшелеріне алмастыратыны белгілі болды