Airbus әуе кемелерi үшiн бөліктерді «басып» шығаратын болады
Airbus Еуропалық авиақұрылыс концерні титан сымнан жолаушылар ұшағының әр түрлі элементтерін басып шығару үшін 3D-принтер орнатып жатыр
Airbus құрылымдық бөліктері басып шығару үшін Sciaky АҚШ компаниялсының EBAM 110 жүйесін пайдаланатын болады. Қабатты баспа технологиясы компоненттерін алу үшін электронды-сәулелi балқыту технологиясы пайдаланылады. арнайы вакуумдық камерада басып шығару кезінде принтер манипуляторы металды электрондық сәулемен ерітетін жіңішке титан сымды жібереді. Sciaky компаниясының деректері бойынша, жаңа технология сипаттамалары дәстүрлі әдісте орындалған құрылым элементтерінің сипаттамаларымен сәйкес келетін немесе одан асып түсетін тұтас бөлшектерді шығаруға мүмкіндік береді.
Авиа құрылыстағы үш өлшемді баспа әлі кең тараған жоқ. Бірақ реактивті қозғалтқыштарда орнатылатын авиа бөлшектердің кейбіреулері аталған технология бойынша шығарылады. Оның басты артықшылығы дәстүрлі әдістермен жасауда қиындық туғызатын немесе мүмкін емес күрделі тұтас элементтерді шығара алу мүмкіндігі болып табылады.