А.ж. 27 сәуірде Алматыда "Алматы қ. жергілікті қамтуды дамыту мақсатында отандық тауар өндірушілер арасындағы кооперациялық байланыстарды реттеу" тақырыбында дөңгелек үстел өтеді
.ж. 27 сәуірде Алматы қ. "NADLoC" жергілікті құрамды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі" АҚ Алматы қ. Әкімдіктерімен бірге ұйымдастырған "Алматы қ. жергілікті қамтуды дамыту мақсатында отандық тауар өндірушілер арасындағы кооперациялық байланыстарды реттеу" тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.
Аталған семинардың мақсаты - Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне еңбек өнімділігін арттыруға және аумақтық кластерлерді дамытуға бағытталған мемлекеттік қолдау көрсету қағидалары шеңберінде ұсынылатын мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру.
Естеріңізге саламыз, 2017 жылы 3 қазанда Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне еңбек өнімділігін арттыруға және аумақтық кластерлерді дамытуға мемлекеттік қолдау көрсету қағидаларына өзгерістер күшіне енгізілді, оған сәйкес: - тарихи кезең 24 айға дейін артты. - кәсіпорынның құзыретін арттыруға жұмсалған шығындарды өтеуді қоспағанда, Өтінім беруші көтерген шығындарды өтеудің барынша сомасы 60 миллион теңгеге дейін ұлғайды, - бұл құралда барынша қолдау сомасы 30 миллион теңгені құрайды. - қызметтерді көрсету кезінде тартылған бір штат және/немесе штаттан тыс маманның болуы жеткілікті. - *Бұл ретте кейбір құралдарда тиісті жұмыс өтілі расталған, техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды тарту көзделген.- Қағидалар шеңберінде технологиялық процестерді жетілдіру жүзеге асырылатын қызметтердің/жұмыстардың тізбесі кеңейтілді. Осылайша, өнім өндірісін қамтамасыз ету, сүйемелдеу және басқаруға монтажбен және/немесе шеф-монтажбен байланысты шығындар да жатады (бұрын тек шеф-монтаж ғана көзделді). - сарапшыларды тарту жолымен үздік өндірістік практикаларды енгізу, сондай-ақ Қағидалардың ережелеріне сәйкес құрал алу өтініміне қоса берілетін, орындаушының қызмет көрсету қорытындылары бойынша есепке қойылатын талаптарды енгізу мақсаттары нақтыланды.
Басталуы 10:00 с.
Дөңгелек үстелдің өткізілетін орны: Алматы қ., Алматы қ. Өңірлік кәсіпкерлер палатасының ғимараты, Гоголь к-сі, 111.