«ҚИДИ» АҚ-ы «Астана Жиһаз фабрикасы» ЖШС-не барды.
2017 жылғы 25-қаңтарда «Қазақстандық индустрия дамыту институты» АҚ-ның қызметкерлері атынан Басқарма Төрағасы орынбасары Тұрлыбаев Т.Т және Қолдау құралдары орталығының бас сарапшысы Үтетлеуов Т.Т. «Астана Жиһаз фабрикасы» ЖШС-не барды.
Сапардың мақсаты мемлекеттік қолдау шараларын алу механизмдерін түсіндіру мен кәсіпорынның өндірістік қызметімен танысу болды.
«Астана Жиһаз фабрикасы» ЖШС-і – заманауи, жетілдірілген алдыңғы қатарлы сандық технологиялармен (қондырылғылармен) жабдықталған жиһаз фабрикасы.
Фабрика кез-келген қиындықтағы, соның ішінде МДФ, ағаштан әр түрлі корпусты жиһазды өндіруге мүмкіндігі бар. Жиһаз дизайнын әзірлеу және жобалау «BIESSE WORKS» жаңа бағдарламалары арқылы жүзеге асырылады.
Өнідіріс Астана қаласындағы Индустриалды паркте орналасқан. «Астана – жиһаз фабрикасы» ЖШС-і арнайы экономикалық аумақтың қатысушысы болып табылады. Өнідіріске 3 миллион доллардан аса қаражат салынды. Өнім Астана қаласындағы «Тұлпар» сауда үйінде, сондай-ақ Қазақстанның басқа өңірлерінде сатылып, келешекте өндірісті экспортқа шығару жоспарлануда.
Кездесу шеңберінде технологиялық үрдістерді жетілдіруге жұмсалған кәсіпорынның шығындары айқындалды. Кәсіпорын мемлекеттік қолдау шараларын алу үшін «Қазақстандық индустрия дамыту институты» АҚ-на баруды көздеді.
«Өнімділік 2020» (нормативті құқықтық құжаттар, презентациялар және т.б.) бағыты бойынша мемлекеттік қолдау шараларын алу материалдары www.kidi.gov.kz ҚИДИ ресми сайтында «Бизнесті қолдау» - «Өнімділік 2020» бөлімінде орналастырылған.