QazIndustry» АҚ Петропавл қ. кәсіпкерлерімен кездесу өткізді
Жақында Петропавл қаласында «QazIndustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ дөңгелек үстел өткізді, онда перспективті өнім өндірісін игеру және кәсіпорындар арасында ұзақ мерзімді ынтымақтастық шарттарын жасауға жәрдемдесу мәселесі көтерілді. Солтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік органдарының, ірі тауар өндірушілері мен жер қойнауын пайдаланушыларының өкілдері кездесуге қатысушылар болды. Дөңгелек үстел шеңберінде тараптар жер қойнауын пайдаланушылар мен кәсіпорындардың тауарлар, жұмыстар және қызметтер сатып алуларға қатысуы кезінде туындайтын проблемалық мәселелерді және өнеркәсіптік объектілердің шектес өндірісін дамыту мүмкіндігін талқылады.
Кездесу аясында компаниялар «QazIndustry» АҚ мен Дүниежүзілік банк – Жеткізушілерді дамыту қызметінің бірлескен жобасының іске қосылуы туралы хабардар болды. Жоба отандық өндірушілерге ірі тапсырыс берушілермен келісімшарт жасау үшін әлеуетті ұлғайту және халықаралық сертификаттау шығындарын 70% дейін өтеуді алуға мүмкіндік беретіндігін еске саламыз.
Іссапар аяқталғаннан кейін «QazIndustry» АҚ өкілдері мұнай және газ өндіруге арналған жабдық пен қосалқы бөлшектер өндірумен айналысатын зауыт - «Поиск» венчурлық фирма» ЖШС және электроқшаулағыш материалдар өндіру кәсіпорны – «Блок» ЖШС барып, олардың жұмысымен танысты.