«Өнімділік – 2020. 2016 жылдың қорытындылары» тақырыбындағы брифинг
Бүгін сағат 11.00-де ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің ғимаратында «Өніміділік – 2020. 2016 жылдың қорытындылары» тақырыбындағы брифинг өтті. Индустриалды даму және өндірістік қауіпсіздік комитетінің төраға орынбасары Байытов Қанат Құрмашұлы, «Қазақстандық индустрия даму институты» АҚ-ның Кластерлі даму орталығы директордың орынбасары Серіков Диас Серікұлы және Қолдау құралдар орталығының бас сарапшысы Жұмабеков Талғат Ілішбайұлы брифинг спикерлері болып, ҚР Индустрия және даму министрлігінің ақпаратты басқару департаментінің қызметкері Шәріпханова Әйгерім брифинг модераторы болды.
Құттықтау сөзбен Байытов Қ.Қ. еңбек өнімінің маңыздылығын атап өтіп «Өніміділік - 2020» бағытын жүзеге асыру бастап Қазақстандағы еңбек өнімділігін арттырудың аса айқын мысалдарын келтірді.
Сөдің негізгі бөлігін Серіков Д.С. жыл қорытындысын жасаумен БАҚ-дың өкілдеріне «Өнімділік - 2020» бағыты бойынша қолдау шараларын толыққанды түсіндірді. 2016 жылы «Қазақстандық индустрия даму институты» АҚ-на индустриалды-инновациялық қызметтің 66 субъектілерінен «Өнімділік 2020» бағыт шеңберінде құралдар бойынша шығындарды өтеу бойынша 88 сұраным келіп түсті. Қорытындысында индустриалды-инновациялық қызметтің 47 субъектілерінен келген 60 сұраным мақұлданып, олардың ішінде 58 сұраным бойынша өтем жүргізілді, 2016 жылы бөлінген бюджеттік қаражаттың толғымен ұйғару салдарына байланысты 2 сұраным бойынша өтем 2017 жылдың басында жүргізілді. Өтеуді жүргізуге мақұлданған ең көп сұранымАстана қаласынан (15), Алматы қаласынан (9) және Қарағанды облысынан (6) келіп түсті. Қазақстанның екі өңірінен – Жамбыл және Қызылорда облысынан қолдау шараларын алу сұранымдары түспеді». Сонымен қатар, Серіков Д.С. кәсіпорындарға өтем жүргізілетін 4 құрал бойынша толығымен тоқталып кетті. Жұмабеков Т.І. қазақ тыңдаушылары мен БАҚ-ның өкілдеріне толығымен айтып кетті.
Атырау, Қызылорда және Жамбыл облыстарында сұранымдардың аз түсу себептері туралы тілшінің сұрақтарының біріне Серіков Д.С. аталған қолдау шаралары экономиканың басымды салаларында кем дегенде 1 жыл қызмет ететін кәсіпкерлік субъектілеріне ұсынылатынын түсінідіріп өтті. Басымды секторлар ҚР Инвестициялар және даму министрлігімен анықталған. Қызылорда және Жамбыл облыстарындағы кәсіпкердердің жартысы басымды секторға жатпайтын ауыл шаруашылықпен айналысады. Атырау облысы көбінесе мұнай шығару мен қайта өңдеуде тартылғандығы ешкімге құпия емес. Осы себептерге байланысты бұл өңірден ешқандай сұранымдар келіп түспейді, алайда бұл өңірлерде кәсіпкерлер субъектілеріне көшпелі семинар-мәжілістер және консультациялар жүргізіледі.
2016 жыл ішінде мемлекеттің барлық өңірлерінде 23 семинар-мәжілістер өткізілді. Кәсіпкерлер субъектілеріне 162 консультациялар ұсынылды. 203 іс-шара, КҚКО –ның қызметкерлерін 15 оқыту шаралары, 2 брифинг және шетелдік экспорттаушыларды тартумен еңбек өнімділігі тақырыбында 1 Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.
«Өнімділік 2020» бағытының шеңберінде кәсіпркелік субъектілерін мемлекеттік қолдау туралы ақпаратты www.kidi.gov.kz ҚИДИ ресми сайтында «Бизнесті қолдау» - «Өнімділік 2020» бөлімінде толығымен танысуға болады.