«QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ делегациясы ИННОПРОМ көрмесіне қатысуда
Басқарма төрағасы Әлішер Әбдіқадыров бастаған «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ делегациясы Екатеринбург қ. ИННОПРОМ жыл сайынғы халықаралық өнеркәсіптік көрмесіне қатысуда. 8-11 шілдеде болатын индустриялық, сауда және экспорт алаңында шығыс және батыс елдерінің, сондай-ақ, ТМД елдерінің жаңа әзірлемелері мен перспективті жобаларын көруге болады.
Қазақстанның ұлттық стенді машина жасау, металлургия, құрылыс материалдары, электр техникалық жабдық, химия өнеркәсібі және автомобиль жасау сияқты экономиканың әр түрлі саласындағы 17 өндірістік кәсіпорын ұсынылған ең бірінші павильонда орналасқан.
Сонымен қатар, көрме өткізілетін күндері цифрландыру, кәсіпорындарды мемлекеттік қолдау, өндірістің бәсекеге қабілеттілігі және т.б. сияқты өзекті тақырыптар бойынша арнайы іс-шаралар ұйымдастырылған.
«QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ басшылығы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің Өнеркәсіп министрлері кеңесінің екінші отырысына және GMIS-2019 – Өндіріс пен индустрияландырудың жаһандық саммитінің ашылуына қатысты.