Шағын кәсіпорындар үшін үлкен мүмкіндіктер ашылады.
«QazIndustry» АҚ компаниясы, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және «Euroconsultants S.A» халықаралық консалтингтік тобы ынтымақтастық туралы үштарапты меморандум жасасты.
Келісім Қазақстанда жұмыс істейтін ірі жергілікті және халықаралық корпорациялармен ШОК-тың нарықтық байланысын кеңейту функциясына енетін Жеткізушілерді дамыту қызметінің жобасын ойдағыдай іске асыруға бағытталған. Нәтижесінде жоба шағын және орта кәсіпорындардың ірі мемлекеттік, жеке және шетел компанияларына тауарлар мен қызметтер ұсыну бойынша мүмкіндіктерін жақсартуға үлес қосады. Бірінші кезекте бағдарлама газ, мұнай, металлургия және тау-кен өндіру саласы кәсіпорындарының арасында іске асырылатын болады.
Жеткізушілерді дамыту қызметі – Орталық Азиядағы осындай алғашқы жоба екендігін атап өткен жөн. Ол Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын және тиісінше отандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған. Бұның барлығы еліміздің экономикасын дамытуға ықпал ететін болады.