Қазақстан сарапшылары еуропалық кластерлер тәжірибесін зерттеуде

20 - 22 наурыз аралығында Болгарияда TCI Network Кластерлер, инновацияар және бәсекеге қабілеттілік жөніндегі мамандардың ғаламдық желісі ұйымдастырған TCI European Conference 2018 Еуропаның

Конференцияға әлемнің 15-тен астам елінен келген инновациялар және кластерлік даму саласындағы жетекші зерттеушілер мен практиктер, кластерлер мен кластерлік ұйымдардың, билік органдарының кластерлік саясатты ұйымдастыру үшін жауапты өкілдері:   Rozen Plevneliev – Болгария Республикасының президенті (2012-2017 жж.), Alberto Pezzi – ACCIÓ кластерлер тобының директоры, Nikolay Minkov – Ортатаулық  индустриялық  кластердің басқарушы директоры, Ifor Ffowcs-Williams – Cluster Navigators Ltd бас директоры, Евгений Куценко – Ресейдің кластерлік обсерватория басшысы және т.б. қатысты. 

Конференцияның негізгі мақсаты – жаһандастыруды күшейту және әлеуметтік-экономикалық дамудың жалпы құндылықтарын қалыптастыру жағдайындағы сын-тегеуріндер мен кластерлердің мүмкіншіліктерін талқылау. Конференцияның үш күндік бағдарламасында анағұрлым табысты саналатын келесі болгарлық кластерлерге сапарлар жасалды:  

- Болгарияда ғылым мен кәсіпкерліктің бәсекеге қабілеттілігін дамыту,  академиялық және іскерлік қауымдастықтардың білім алмасуын қамтамасыз ету, сондай-ақ ғылыми-зерттеу іс-әрекеттерін коммерцияландыру мақсатында құрылған «Технологиялар және инновациялар» (T + IN), кластері. T + IN зертхана кешенінен (11 зертхана), инкубатордан, инновациялық форумнан және мұражайдан тұрады. Кешенді университеттерден және зерттеу орталықтарынан тұратын тәуелсіз коммерциялық емес консорциум басқарады.

- «Логистика және көлік» кластері. Кластер Болгариядағы ең ірі экономикалық жобалардың бірі болып табылады және Пловдив өңіріндегі 6 ірі өнеркәсіптік аймақты қамтитын Тракия (TEZ) экономика аймағына енеді. Бұл аймақтар негізгі капиталға 1,2 млрд. евродан астам инвестицияларды тарттырды.  ТЭЦ-тің жалпы алаңы 1070 гектарды құрайды.  1995 жылы Maritza 1-ші өнеркәсіптік аймағының  аумағында шамамен120 инвесторлар (оның ішінде 90-ы көпұлтты) 15 000-нан артық жұмыс орнымен қамтамасыз ете отырып, өңірден өз аумағын алды. 

- Болгарияның 10 жылдан астам уақыт бойына табысты жұмыс жасап келе жатқан, экспортқа бағытталған жиһаз өнімдерінің өндірісіне маманданған жиһаз кластері.   Кластердің құрамына  28 компания енеді. Компания әйгілі халықаралық  компаниялармен, оның ішінде – қонақүйлер желілерімен (Sheraton, Ibis және басқа да), Loreal және т.б. компаниялармен келесім-шарттар жасасады. Кездесуге Ligna Contract Furnishers Ltd. кластеріндегі жетекші компанияның өкілдері: жиһаз кластерінің президенті / компанияның құрылтайшысы Женовева Христова, басшысы Анелия Кассабова, бизнесті дамыту жөніндегі директоры Джон Мюррей қатысты.

Бұнымен қоса,  2018 жылдың сәуір айында 6 сынамалық жоба қатысушылары үшін орналасқан жерлері бойынша, атап айтқанда:  Алматы, Қарағанды, Қостанай, Шымкент және Көкшетау қалаларында жария презентациялар өткізу жоспарланғанын хабарлаймыз. Бұл кездесуде орта және шағын кәсіпкерліктегі одан әрі даму және ынтымақтастық бағыттары талқыланатын болады.

Кластерлік саясатты іске асыру Қазақстан Республикасының  2015-2019 жылдарға арналған Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының (ИИДМБ) шеңберінде және Қазақстан мен Бүкіләлемдік Банк арасындағы «Қазақстандағы шағын және орта кәсіпорындардың бәсекеге қабілетілігін арттыру» жобасының шеңберінде жүзеге асырылатынын айта кеткіміз келеді. Жобаның шеңберінде 6 сынамалық аумақтық кластерлер анықталып, олар бойынша кластерлік бастаманы іске асыру мақсатында кластерлік талдау жүргізіледі, сондай-ақ мемлекеттік қолдаудың ілеспе шаралары және Қазақстан  Республикасында  кластерлік саясатты іске асыру үшін қажетті база әзірленеді.