Honda және Hitachi: электромобиль саласындағы әріптестік
Honda, электромобильдерге арналған қозғалтқыштарды өндіру және сатуды дамыту үшін Hitachi Automotive Systems компаниясымен бірлескен кәсіпорын құруды жоспарлап отыр.
Жаңа бірлескен кәсіпорын Жапонияда осы жылдың шілде айында құрылатын болады, оның екі бөлімшелері Қытай мен АҚШ-да ашылады. Бұл серіктестік компаниялардың операциялық шығындарын төмендетуге және, сайып келгенде, тауар өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға әкеліп, технологияларды құру жөніндегі жұмысты оңтайландыруға көмектеседі. Hitachi жаңадан құрылған бірлескен кәсіпорынның 51%-н иелік, ал Honda қалған 49%-на иелікт етеді. Hitachi электр қозғалтқыштарын сатуды 1999 жылы бастағанын атап өткен жөн. Сол уақыттан бастап күштік агрегаттардың ауқымды көлемін жапон және басқа да көптеген өндірушілерге жеткізіп үлгерді.. Hitachi компаниясымен ынтымақтастықтың арқасында, Honda электромобиль нарығындаөз орын кеңейтуді жоспардап отыр. Жапон автоөндірушісі бұрын «классикалық» гибридтерді, сондай-ақ жанармайлық ұяшықтағы автобольдерді өндірумен айналысқандығын атап өткен жөн.