Қазақстан Республикасының инновациялық дамуын қамтамасыз ету бойынша қызметтерді көрсетудің күнтізбелік жоспарын орындау бойынша ақпарат

Қазақстан Республикасының инновациялық дамуын қамтамасыз ету бойынша қызметтерді көрсетудің күнтізбелік жоспарын орындау бойынша ақпарат

«QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ 2019 жылғы 29 сәуірдегі № 57 келісімшарттың техникалық ерекшелігінің күнтізбелік жоспарына сәйкес жоспарланған жұмыстарды атқарып, келесі нәтижелерге қол жеткізді (атқарылған жұмыс туралы тиісті есеп уәкілетті орган - ҚР ЦДИАӨМ-ға жіберілді):
1. Инновацияны дамыту саласында технологиялық болжауды, талдамалық және кеңестік қызметтерді ұйымдастыру бойынша қызметтерді көрсету шеңберінде келесі жұмыс атқарылған:
1.1. Жоғары қосылған құны бар кем дегенде 2 перспективалы бағытты анықтау мақсатында «Салалардағы жоғары қосылған құны бар кем дегенде 2 перспективалы бағыт бойынша ұсыныммен есеп» даярланды.
Жоғары қосылған құны бар салаларды таңдау мақсатында жалпы қосылған құн, өндіріс көлемі, экспорт көлемі, салалардың өсу қарқыны сияқты басым бағыттардың соңғы 4 жылдардағы жайы мен дамуының экономикалық көрсеткіштерін, статистикалық ақпаратты сандық зерттеулер, талдамалық зерттеулер жүргізілді. Бұдан басқа, елдің салалық және инновациялық дамуының қолданыстағы стратегиялары мен бағдарламаларына талдау жүргізілді.
Жүргізілген талдау нәтижесінде, сондай-ақ басым салалар мен технологияларды дамыту бөлігінде елдік бағдарламалық құжаттарды, Қазақстанның өңдеуші өнеркәсібін әртараптандыру және технологиялық күрделілігін арттыру жөніндегі Азия даму банкінің ұсынымдарын, Қазақстан Республикасында бұрын Жүргізілген технологиялық болжамдау және форсайттық зерттеулердің нәтижелерін ескере отырып, қосылған құны жоғары мынадай бағыттарды дамытудың ең үлкен әлеуеті туралы қорытынды жасалды: сирек және сирек кездесетін металдар саласы, ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу, күл шлак және синтетикалық талшықтар негізінде өнім өндіру.
Осы салалардағы перспективалық бағыттарды айқындау мақсатында шикізат экспортының көлемі, өнім өндірісінің көлемі, осы салалық бағыттар шеңберінде жүзеге асырылатын өнім экспортының көлемі талданды. Атап айтқанда, әлем мен Қазақстандағы экспорт пен импортқа талдау жүргізілді, өнімді өткізу үшін әлеуетті нарықтар анықталды, әлемдік өндіріс пен өнімді тұтыну үрдістері ұсынылды.
Бұдан басқа, ағымдағы жағдайды анықтау үшін Қазақстанда іске асырылып жатқан инвестициялық жобалардың тізбесі зерделенді, осы салада маманданған трансұлттық компаниялар мен шетелдік экспорттаушы компаниялар ұсынылды.
Жүргізілген жұмыс нәтижесінде Қазақстанда қосылған құны жоғары экспортқа бағдарланған өндірістерді ұйымдастырудың перспективалық бағыттары анықталды.
1.2. Жаңа материалдар саласында технологиялық дамудың Жол картасының жобалары бойынша деректерді жаңарту шеңберінде Жол картаға енгізілген жобалар атына іске асыру барысы туралы ақпарат ұсыну туралы сауал даярланып, жолданды.
1.3. Қосымша құны жоғары экспортқа бағдарланған өндірістерді ұйымдастырудың перспективалық бағыттарын негіздеу және мүдделі мемлекеттік органдардың, бизнес пен экспорттық қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстелдер өткізуге дайындық бойынша жұмыс жүргізілуде.
1.4. айқындалған перспективалы бағыттар шеңберінде ұйымдардың/кәсіпорындардың дамуының ағымдағы жағдайын анықтау мақсатында айқындалған перспективалық бағыттарда әрекет ететін ұйымдар мен кәсіпорындар атына сауалнама жолданды.
1.5. 2018 жылы айқындалған жоғары қосылған құны бар перспективалы бағыттардың экспорттық әлеуетіне талдау жүргізілді және баға берілді.
1.6. Жаңа материалдар саласында технологиялық дамудың Жол картасы жобаларын сараптамалық сүйемелделуін жүзеге асыру шеңберінде осы жобаларға талдау жүргізілді және тиісті ұсынымдар мен ұсыныстар енгізілді.
1.7. Халықаралық тәжірибе зерделенді, оны ескере отырып перспективалы бағыттарды дамытуды қолдау шаралары бойынша ұсынымдар жасалды.
1.8. Жаңа материалдар саласында технологиялық дамудың Жол картасының шеңберінде стандарттар және сатып алулар саясатын жүзеге асыру жөніндегі жұмыстарды үйлестіру шеңберінде жаңа материалдар саласындағы стандарттар мен сатып алуға талдау жүргізілді, оның қорытындысы бойынша тиісті ұсыныстар әзірленді.
1.9. Деректер тізімін өзектендіру және оны одан әрі дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеу бойынша жұмыс жүргізілуде.
2. Технология трансфері жүйесінің дамуы бойынша қызметтер көрсету шеңберінде басым салалар бойынша бөле отырып, кәсіпорын бойынша байланыс деректері бар технологиялар трансферіндегі кемінде 20 мүдделі кәсіпорындардың тізбесі даярланған.
3. Инновациялық гранттарды ұсыну бойынша қызметтерді көрсету шеңберінде өтініш берушілерге кеңес беру және түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы есеп дайындалды. Осыған қоса, келесі бағыттар бойынша ақпарат даярланды:
- инновациялық гранттар мониторингі;
- мәселелелік жобалар және бұзылған келісімдер бойынша процессуалдық-наразылық жұмыстар;
- табысты іске асырылатын/іске асырылған жобалар.
4. Инновациялық қызметті насихаттау және жария ету қызметтері шеңберінде Инновациялық конгресс бағдарламасы мен тұжырымдамасы жобалары әзірленді және келісілді.
5. Инновациялық белсенділікті ынталандыруды қамтамасыз ету қызметтері шеңберінде Ұлттық инновациялар конкурсының тұжырымдамасы әзірленіп, келісілді.