«Қазақстандық индустрияны дамыту институты» акционерлік қоғамы («ҚИДИ» АҚ) инновацияға гранттар ұсынатын болады.
Үкіметтің 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 830 шешіміне сәйкес «ҚИДИ» АҚ индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру үшін технологиялық даму саласындағы даму институты болып белгіленген болатын. Бұдан бұрын аталған гранттарды "Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік"АҚ ұсынып келген.
Инновациялық гранттарға өтінімдер қабылдау туралы ақпарат Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен келісілгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында және ұлттық институттың ресми www.kidi.gov.kz интернет-ресурсында жарияланады.
Инновациялық гранттар – бұл кәсіпкерлердің индустриялық-инновациялық жобаларын іске асыру үшін мемлекет өтеусіз негізде беретін бюджеттік ақша. Гранттар үш бағыт бойынша: технологияларды коммерцияландыруға, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға және салаларды технологиялық дамытуға беріледі.
Технологияларды коммерцияландыруға арналған грант мөлшері 200 млн. теңгеге дейінгі соманы құрайды. Грант оң экономикалық нәтиже алуға бағытталған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін өз өндірісінде енгізуге бағытталған.
Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға 400 млн.теңгеге дейін грант алуға болады. Грант отандық және шетелдік озық технологиялар трансферті арқылы кәсіпорынның технологиялық деңгейін арттыруға бағытталған.
Салаларды технологиялық дамытуға арналған инновациялық грант 500 млн.теңгеге дейін беріледі. Грант негізінен кәсіпорындарда шетелдік технологияларды сатып алу, бейімдеу және енгізу жолымен саладағы технологиялық міндеттерді шешуге бағытталған.
Гранттық қаржыландыру бойынша толық ақпаратты +7 (7172) 98 37 87 (1077 ) телефоны арқылы алуға болады.
«Қазақстандық индустрияны дамыту институты» АҚ Қазақстанды индустрияландыру саясатын табысты жүргізуді қамтамасыз ету үшін құрылған институт. «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» АҚ Жалғыз акционері Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі болып табылады.