Инновациялық гранттар Алматы қ. және Жамбыл облысының индустриялық жобаларын сәтті іске асыруға ықпал етеді.

Инновациялық гранттар Алматы қ. және Жамбыл облысының индустриялық жобаларын сәтті іске асыруға ықпал етеді.

Бұны «QazIndustry» АҚ қызметкерлерінің көшпелі мониторингінің нәтижелері растады. Атап айтқанда, 3 компания инновациялық грант қаражатына технологиялық жобалар қатарын өндіріске енгізуде, осылайша олар өз жұмысының көрсеткіштерін едәуір арттырды.  Мысалы, «Орион Система» ЖШС  «Заттар интернетіне» арналған жабдық өндірісін ұйымдастыру және Қазақстан Республикасының және ТМД елдерінің нарығына шығару бойынша жұмыс жүргізуде; «ЭкоСервис С» ЖШС өнеркәсіптік кәсіпорындардың қоршаған ортаға эмиссияларын есепке алу және бақылау бойынша бағдарламалық ақпараттық-талдамалық кешенді іске қосуда; «АК Алтыналмас» АҚ жерасты тау-кен жұмыстарын басқаруды толық автоматтандыру бойынша жұмысты аяқтауда. Осылайша, инновациялық гранттар алған барлық компаниялар өз жобаларын сәтті іске асыруда, олардың жалпы мақсаты – жалпы ел үшін оң экономикалық тиімділік алу.