Қарағанды облысында «QazIndustry» қатысуымен құны $30 млн инвестициялық жоба іске асырылатын болады.
«QazIndustry» ҚИЭО» АҚ делегациясы 2019 жылғы 10 қарашада Басқарма төрағасы Әлішер Әбдіқадыровтың басшылығымен Стамбул қ.
Қазақстан-Түркия экономикалық бизнес-форумына қатысты. Сондай-ақ,
іс-шараға Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин және Түркия Республикасының вице-президенті Ф. Октай қатысты.
Форум шеңберінде Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарының инвестициялық мүмкіндіктері ұсынылған роуд-шоу ұйымдастырылды. Сонымен бірге, осы алаңда әлеуетті түрік инвесторларымен B2B кездесулер өткізілді.
Нәтижесінде «QazIndustry» ҚИЭО» АҚ, Қарағанды облысының әкімдігі және Betek Boya Kimya ve Sanayi A.Ş. халықаралық компаниясы арасында ынтымақтастық және «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағында сомасы $30 млн. инвестициялық жобаны іске асыру туралы меморандумға қол қойылды.
Betek Boya Kimya ve Sanayi A.Ş. лак-бояу өнімдері мен құрылыс материалдарын өндіру бойынша көшбасшы болып табылады. Компания АЭА аумағында экспортқа бағытталған лак-бояу өнімдері өндірісін ашуды жоспарлап отыр. Бастапқы кезеңде әрі қарай экспорт географиясын кеңейтумен Ресей Федерациясы, Қырғызстан және Моңғолияға жеткізу жоспарланған.