Цифрлық экономиканың және еңбекті автоматтандырудың дамуы туралы сұрақтарға «4.0 индустриясы» құзыреттілігі орталығының сарапшысы Бекнұр Омарбеков жауап берді.
Республиканың ең ірі зауыттарында 4.0 индустриясы элементтерін белсенді түрде енгізіп жатыр – бұл адам еңбегін машина еңбегімен алмастыруды мақсат ететін зияткерлік жүйелер. Шахталарда орнатылған әртүрлі «ақылды» датчиктер өндірістік процестердің барысын өз бетінше бақылайды, ал ұшқышсыз ұшатын аппараттар адам үшін қауіпті орындарға енеді де, қандай да бір жабдықтың жағдайы туралы ақпаратты диспетчер пультына береді, бұл апатты жағдайлардың орын алу мүмкіндігін жою бойынша дер кезінде шешім қабылдауға мүмкіндік береді.
«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы цифрлық экожүйенің дамуы экономика драйверіне айналатыны, бизнес жүргізуге жағдайды жақсартатыны, халықтың цифрлық сауаттылық деңгейін және, жалпы алғанда, ұлттың бәсекеге қабілеттілігін арттыратыны жайлы баяндайды. Еңбекті автоматтадыру, роботтандыру, жасанды интеллект, «ауқымды деректермен» алмасу, 3D баспасы және виртуалды ақиқат - инновациялық технологиялары бизнестің жаңа салаларын құрып қана қоймай, сонымен қоса экономиканың агросектор, өнеркәсіп, логистика және құрылыс сияқты дәстүрлі салаларына серпін береді. Бұл бағыт бойынша республикада қандай қадамдар қабылданып жатқаны, және де жаңа технологияларды енгізудің арқасында неге қол жеткізілгені жайында «Цифрлық Қазақстан» арнайы бағдарламасында айтып береміз.
