Сантьяго-де-Кампостелла Университетінің Кампус Терра филиалы Қазақстанмен байланыс орнатуда

Сантьяго-де-Кампостелла Университетінің Кампус Терра филиалы Қазақстанмен байланыс орнатуда

Луго кампусы ректорының орынбасары Монтсерат Валькарсель және оның Зерттеулер, Технологиялар және Инновациялармен алмасу бойынша көмекшісі Эльвира Лопез Москера Кампус Терра аймағында Қазақстандық индустрия дамыту институты және Қазақстанның Ақмола облыстық сүт өнімдерін өндірушілері кластерінің өкілдерімен кездесті. Аталған кездесу Дүниежүзілік банкпен қаржыландырылатын кластерлік саясатты енгізуге бағытталған халықаралық жоба аясында өтті.

Аталған жұмыс сапары болашақ серіктестік орнату, қарым-қатынастардың дамуы аясындағы жаһандану процесстері және ақпарат алмасу үшін, Еуропа компаниялары, сонымен қатар ірі кластерлер өкілдерімен кездесулер жүргізу мақсатында өткізілді. Кездесуден кейін, Қазақстандық делегация ректордың кампус жұмысы бойынша  орыбасары және Кампус терраның Инновациялар және технологиялармен алмасу жұмыстары бойынша басшысы  Роберто Ламас Перезпен бірге TasteLab компаниясы (тұтынушылардың сұранысын зерттеуге бағытталған компания), Сүт өнімдері және азық-түлік өнімдері технологиялары департаментіне барды.

Қазақстандық индустрия дамыту институтының сарапшысы Гүлнар Саукенова, «КапиталНатурПродукт» компаниясының директоры Мария Новикова, «Гормолзавод» ЖШС қаржы директоры Аслан Құрманғалиев және «Есіл май шайқау комбинаты» ЖШС директоры Валерия Хайнакова сүт өндіру саласындағы және бәсекеге қабілеттілікті дамыту жобалары бойынша білімдерімен бөлісті. Бұл шарлар болашақта елдер арасындағы сауда байланыстарын нығайтуға септігін тигізері анық. Аталған кездесулер инновациялық саясатқа мамндандырылған Infyde халықаралық консалтингтік компаниясының Кәсіпкерлік бәсекеге қабілеттілік бойынша директоры Карлос Диас қолдауымен өткізілді.

http://www.usc.es/campusterra/es/content/el-campus-terra-de-la-usc-estrecha-lazos-con-kazakst%C3%A1n