Қазақстан сүт секторын зерттеу мақсатында Галассияға барды

Қазақстан сүт секторын зерттеу мақсатында Галассияға барды

Қазақстанның іскерлік делегациясы Сантьяго-де-Компостела университетінің сүт өнімдері және азық-түлік технологиялары департаментіне және TasteLab компаниясының жұмысымен танысты. Бұл кездесулер Дүниежүзілік Банкпен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасындағы сүт өндірісі секторына кластерлік саясатты енгізуге бағытталған жоба аясында іске асырылды.

Луго кампусы ректорының орынбасары Монтсеррат Абейа Валкарсель  Сантьяго-де-Компостела университетіінің Кампус Терра сүт өнімдері және азық-түлік технологиялары департаментінің техникалық қызметкерлері Ванесса Олвера және Мануэль Гомезпен бірлесе Қазақстандық топты қарсы алды. Кездесуге Infyde халықаралық консалтингтік компаниясының инновациялық саясатқа мамандандырылған кәсіпкерліктің бәсекеге қабілеттілігі департаментінің диреторы Карлос Диас қатысты.

Делегация тәжірибе және ақпарат алмасу мақсатында Сантьяго-де-Компостела институтының сүт өнімдері секторымен байланысты мекемелеріне баруға ниет білдірді. Сонымен қатар, Ақмола облысының сүт өндірушілері кластері өзінің жұмыс нәтижелерінің таныстырылымын өткізіп, Университетпен іскерлік байланыс орнатудың әлеуетті бағыттарын ұсынды. 

Сүт секторындағы еуропалық тәжірибемен танысу мақсатындағы іс-сапар

Бұл іс-сапар сүт өндіру саласындағы еуропалық кәсіпорындармен кластерлерінің жұмыс барысымен танысу және тәжірибе алмасу мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылды. Талаған кездесулер барысында еуропалық кәсіпорындардың жаһандану процесстері, өндіріс факторлары  және оның тиімділігі мәселелері, және серіктестіктің жаңа бағыттары бойынша бірқатар сұрақтар талқыланды.

Азиялық делегация сүт өндіру секторында қызмет ететін басқа да кәсіпорындардың, ұйымдардың жұмысымен танысу және саяси тұлғалармен кездесу мақсатында Галисияда әлі бір апта уақыт өткізеді.

http://www.campogalego.com/es/leche/kazakhstan-viene-aprender-galicia-desarrollar-su-sector-lacteo/