Қазақстан мен Иран арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтаст

Қазақстан мен Иран ынтымақтастықты мүмкіндіктерін талқылау

Қазақстан Иранмен сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуді көздеп отыр. Бұл туралы Президент Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада Қазақстандағы шетелдік дипломатиялық миссия жетекшілерімен өткен кездесуде айтты.

«Ислам әлемі, жалпы Таяу Шығыспен қарым-қатынасымызды нығайтуды көздеп отырмыз. Біз Иранмен сауда-экономикалық ынтымақтастықты кең көлемде дамытпақпыз. Бұл елге салынған санкциялардың күшін жоюы сауда саласындағы байланысымызды жоғары деңгейге көтереді деген үміттемін. Осы жылдар ішінде Қазақстан Иранмен саудасын тоқтатқан жоқ және санкциялардың күшін жою үшін қолдау көрсетті», - деп атап өтті Президент.

Елбасы атап өткендей, бүгінде Африка континенті, Латын Америкасы елдерімен де қарым-қатынасымыз да жақсы дамып келеді.

Ссылка на сайт:

http://bnews.kz/kz/news/politika/novosti_ak_ordi/kazakstan_iranmen_saudaekonomikalik_intimaktastikti_keneitpek_niette-2016_03_02-1260155