Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы KAIST халықаралық коммерцияландыру орталығымен ынтымақтастық орнатуда
Бүгін Қазақстандық индустрия және экспорт орталығында KAIST халықаралық коммерцияландыру орталығының өкілдерімен кездесу өтті.
Кездесу барысында инновация мен технологиялар салаларындағы одан әрі ынтымақтастық пен бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
Атап айтқанда, кездесуге қатысушылар Қазақстан мен Корея арасындағы ынтымақтастықты қалпына келтіру және технологиялар трансферті мен коммерцияландыру миссиясымен бірлескен желі құру мүмкіндігін қарастырды.
KAIST өкілдері екі республикадағы бизнес-мүмкіндіктер мен технологиялық шешімдерді зерттеуге және ынтымақтастыққа мүдделі екендіктерін білдірді.
Бұдан басқа, тараптар ағымдағы жылдың маусым айының соңына дейін технологиялар трансферті шеңберінде одан әрі өзара іс-қимыл жасау жөнінде шарт жасасу туралы шешімге келді.
Анықтама: KAIST Global Commercialization Center (халықаралық коммерцияландыру орталығы) (бұдан әрі – KAIST GCC) Корея Ғылым және технология институтының (бұдан әрі – KAIST) негізінде құрылған коммерцияландыру офисі болып табылады. KAIST GCC Корей ақпараттық-коммуникативтік технологиясын, сондай-ақ дамушы елдердегі ғылым мен технологияларды халықаралық коммерцияландыруды қамтамасыз ету үшін құрылды.