Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында еңбек өнімділігі жоғары өңдеу секторына бағдарлануы өзгеріссіз қалатыны анықталған. Елба
Осыған байланысты «Қазақстандық индустрия дамыту институты» АҚ («ҚИДИ») Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің қолдауымен ұйымдастырған Еңбек өнімділігін арттыру мәселелері бойынша VII Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында халықаралық тәжірибені ескре отырып мемлекеттік қолдаудың жаңа шараларын әзірлеу мәселелері талқыланды.
Осылайша, шетелдік және қазақстандық сарапшылар автоматтандыру және роботтандырумен байланысты жұмыс күшінің босатылуы барысындағы мамандық ауыстыруға жұмсалған шығындарды қайтару, сонымен қатар отандық кәсіпорындардың көлік шығындарын субсидиялау сияқты мемлекеттік қолдаудың жаңа шараларын ұсынды.
2017 жылдың қазан айында индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің еңбек өнімділігін арттыруға және аймақтық кластерлерді дамытуға бағытталған мемлекеттік қолдау көрсету Ережелеріне өзгертулер енгізілген жаңа мазмұны күшіне енді. Бұл өзгертулерге сәйкес шығындарды қайтару кезеңі және сомасы айтарлықтай артты. Жаңа Ережелер бойынша атқарылған жұмыс нәтижесінде 6 ай ішінде келіп түскен өтінімдер саны және қайтарылған шығындар сомасы 10 есеге өскенің атап өту қажет.
Қазақстандық кәсіпорындарға қолдау көрсетудің келесі қадамы еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған шығындарды қайтару бойынша өтінімдерді қабылдаудың электронды жүйесіне көшу болып табылады.