Қазақстандық балмұздақ Қытайға экспорттала бастады

Қазақстандық балмұздақ Қытайға экспорттала бастады

Қазақстанда өндірілген балмұздақтың 10 мың тонналық бірінші партиясы Қытайдың Шанхай қаласына жіберілді.

«Бұл дегеніміз үлкен жетістік. Біз қытайға балмұздақ шығарған алғашқы компаниямыз. Аспанасты елінің нарығына шығу оңайға түскен жоқ, ҚР Ауыл шаруашылық министрлігі және «Атамекен» ҰКП  қазақстандық өнімнің қытай нарығына шығуына, балмұздақ тасымалдауға қойылған шектеулердің алынып тасталуына қосқан үлесі зор. «Бүгін біз балмұздақ экспортына бастау бердік. Бұл өндірісіміздің экспорттық құрауышын үш пайызға дейін арттыратын болады» - деді "Шин-Лайн" компаниясының негізін қалаушысы әрі президенті Андрей Шин. Компания бір жыл ішінде қытай нарығына 200 тонна балмұздақ жеткізуді жоспарлап отыр. 2017 жылы компания еліміздің түрлі аймақтарында өткізілген 3 мамандандырылған көрмеге қатысып, олардың нәтижесінде 100 астам жеткізу туралы дистрибьютерлік келісімдер жасасқан.