26 наурызда «ҚИДИ» қызметкерлері Қазақстандағы ең ірі болат құю кәсіпорны - «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-да жұмыс сапарымен болды.
Кездесу «Қазақстандық индустрияны дамыту институтымен» одан әрі ынтымақтастық үшін Arcelor Mittal Temirtau позициялары мен проблемаларын жан-жақты талқылау және айқындау мақсатында ұйымдастырылды.
«ҚИДИ» тарапынан кездесуге Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Марат Ідірісов, индустриялық саясат орталығының директоры Салтанат Жұмабекова, салалық талдау орталығының директоры Базархан Садуақасов, салалық талдау орталығы директорының орынбасары Азат Айтуар, салалық талдау орталығының бас сарапшысы Самал Олжабекова және кластерлік даму орталығының бас сарапшысы Зәуре Нұрғалиева қатысты.
Arcelor Mittal Temirtau жұмысы туралы өндіріс жөніндегі директор Вадим Басин және технология және техникалық мәселелер жөніндегі директор Андрей Дьяков әңгімеледі.