2017 жылдың 15 қарашасында Қызылорда қаласында Baikonur INVEST IХ инвестициялық форумы өтті, аталмыш іс-шараны Қызылорда облысының индустриалды-инновациялық даму басқармасы ұйымдастырды.
ҚИДИ көрсететін мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру мақсатында Қолдау құралдары орталығының директоры Раушан Еділбаева форумға қатысушы 80 мекеменің өкілдерімен кездесті.
Шығындарды өтеу индустриалды-иннновациялық қызмет субъектілерінің еңбек өнімділігін арттыру және аймақтық кластерлерді дамытуға бағытталған мемлекеттік қолдау көрсету Ережелерінің шеңберінде жүзеге асырылады.
Естеріңізге сала кетсек, 2017 жылдың 3 қазанында мемлекеттік қолдау көрсету ережелеріне елеулі өзгертулер күшіне енді:
Ережелер шеңберіндегі шығындарды қайтару құралдарының әр-қайсысының тарихи кезеңі 24 айға дейін ұзартылды. Сонымен қатар, Өтініш берушінің көтерген шығындарын қайтарудың максималды сомасы 60 миллион теңгеге дейін өсті, тек кәсіпорын құзыретін арттыруға бағытталған шығындарды қайтару құралының максималды сомасы өзгеріссіз қалды, бұл құралдың максималды қолдау сомасы – 30 миллион теңге.
Өтініш беруші қызмет көрсетуге тартқан орындаушыларына қойылатын талаптар қайта қаралды: қызмет көрсету барысында штаттағы және/немесе штаттан тыс бір ғана маманды қатыстыра алады. Бірақ, кейбір қолдау құралдарында техникалық және кәсіби білімі бар және сәйкесінше еңбек өтілі бар мамандарды қатыстыру көзделген.
Сонымен қатар, Ережелер щеңберінде технологиялық процестерді жетілдіруге бағытталған қызметтер/жұмыстар тізімі кеңейтілді. Енді өнім өндіру процесстерін қамтамасыз ету, сүйемелдеу және басқару жұмыстарына монтаждау және/немесе шеф-монтаждаумен байланысты қызметтер енгізілді (бұған дейін тек шеф-монтаждау жұмыстары ғана көзделген болатын).
Бағдарлама туралы толығырақ оқу
Актобе, Тараз, Уральск, Алматы, Петропавловск, Павлодар, Актау, Атырау, Шымкент, Кызылорда, Костанай