«ҚИДИ» ЕЭО-тағы мүмкіндіктер бойынша конференцияға қатысты
«Қазақстандық индустрия даму институты» АҚ-ның Басқарма Төрағасының орынбасары Ідрісов М.М. және Индустриалды саясат орталығының бас сарапшысы Әубәкіров Ж. (Германия) Берлин қаласында Германия сауда-өнірістік бірлестігі палатасы ұйымдастырған «Жаңа ережелер, жаңа кеңістік – Ресей мен ЕЭО-дағы мүмкіндіктер» атты конференцияға қатысты.
Қазақстан Республикасы атынан құттықтау сөзбен Инвестициялар даму министрлігінің Бірінші Вице-министрі Рау А.П. ЭЕО шеңберіндегі үшінші мемлекеттер кәсіпорындары үшін, соның ішінде неміс компанияларымен Қазақстанда ынтымақтастық әлеуеті мен бар мүмкіндіктер бойынша қысқаша баяндамасымен шықты.
Конференцияға ЕЭК коллегиясының Төрағасы Тигран Саркисян, ЕЭК-ның министрлері Карине Минасян және Мұқай Қадырқұлов қатысты. Тигран Саркисян неміс іскери ортасының өкілдеріне жақын жылдарға Еуразиялық экономикалық комиссия қызметінің стратегиялық мақсаттары мен жұмыс қағидаттары туралы айтып кетті. Мұқай Қадырқұлов неміс бизнесіне ЭЕО-тың Кеден кодексінің басты ережелерін ұсынды. Карине Минасян айқын бизнес ортаны құрудағы IT-технологиясының рөлін мен кедергілерді жоюға байланысты мәселелерді атап кетті.
«ҚИДИ» АҚ-ның өкілдері қатысқан конференция шеңберінде неміс компаниялар өкілдерімен екі жақты кездесулер өтті. Соның ішінде Фраунгофер институтының ғылыми-зерттеу қамқоршыл кеңесінің Төрағасы Б. Шеелмен Industry 4.0 ынтымақтастық әлеуеті бойынша кездесу жүргізілді.