ҚИДИ Қостанай қаласында шығындарды қайтару бойынша семинар өткізді

2017 жылдың 20 қараша күні Қостанай қаласының «Атамекен» кәсіпкерлер Палатасында аумақтық кластерлерді дамытуға және еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын түсін

Семинарға Қостанай облысынан 30 жуық кәсіпорын қатысты. 

         2017 жылдың 3 қазанында мемлекеттік қолдау көрсету ережелеріне енгізілген өзгертулер күшіне енді. Аталған өзгертулер бойынша:

  • Тарихи кезең 24 айға дейін ұзартылды.
  • Өтініш берушінің көтерген шығындарын қайтарудың максималды сомасы 60 миллион теңгеге дейін арттырылды, тек кәсіпорын құзыретін арттыруға жұмсалған шығындарды өтеу сомасы өзгеріссіз қалды, бұл құрал бойынша максималды сома 30 миллион теңге.
  • Қызмет көрсету барысында штаттағы немесе/және штаттан тыс тек бір маманның болуы жеткілікті.
  • *Сонымен қатар, қолдау құралдарының кейбірінде техникалық және кәсіби білімі, тиісті жұмыс өтілі бар мамандардың жұмылдырылуы көзделген.
  • Ережелер шеңберіндегі технологиялық процесстерді жетілдіруге бағытталған қызметтер/жұмыстар тізімі кеңейтілді. Енді өнім өндіру процесстерін басқару және сүйемелдеуді қамтамасыз ету шараларына монтаждау және/немесе шеф-монтаждауға жұмсалған шығындар енгізілген (бұған дейін тек шеф-монтаждау жұмыстары көзделген болатын).
  • Сарапшыларды тарту арқылы үздік өндірістік тәжірибелерді енгізу және Ережелерге сәйкес өтініммен қоса ұсынылатынқызмет көрсету нәтижелері бойынша берілетін есеп талаптарын енгізу мақсаттары нақтыланған.

2016-2017 жж. Қостанай облысы бойынша 5 кәсіпорын аталған бағдарлама бойынша шығындарын қайтарып үлгерді:

«Евраз Каспиан Сталь» ЖШС;

«ЭксклюзивСтрой» ЖШС;

«Лидер Пласт Строй» ЖШС;

«ТПК Металлобаза» ЖШС;

«СарыаркаАвтоПром» ЖШС.

Бағдарлама бойынша толық ақпарат

Ұқсас семинарлар өткен қалалар:

Актобе, Тараз, Орал, Алматы, Петропавловск, Павлодар, Актау, Атырау, Шымкент, Кызылорда