ҚИДИ шығындарды қайтару бойынша семинарлар кезеңін бастады
2017 жылдың 22 қарашасында «ҚИДИ» АҚ кеңсесінде «Қазақстанның ет одағы» ЖКжЗТБ өкілдерімен шығындарды қайтару тақырыбындағы семинар-кеңесі өткізіледі.
Семинарға «Қазақстанның ет одағы» ЖКжЗТБ 10 жуық мүше-кәсіпорын қатысады деп күтілуде.
Іс-шара мақсаты: Ағымдағы жылдың 3 қазанында күшіне енген өзгертулерді қоса алғанда, индустриалды-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету Ережелерінің шеңберінде аумақтық кластерлерді дамытуға және еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру.
Басталуы: 10:00 сағ.
МЕКЕН-ЖАЙЫ: Астана қаласы, Достық көшесі 18, «Москва» БО 19 қабат, «ҚИДИ» АҚ кеңсесі, үлкен конференц-зал.
Бағдарлама бойынша толық ақпарат: http://kidi.gov.kz/podderzhka-biznesa/proizvoditelnost-2020/o-programme
Байланыс телефоны: 8 (7172) 799923 іш. 1054
Басқа да шаралар http://kidi.gov.kz/kalendar-meropriyatii