«QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығымен» ұйымдастырылған үшінші «Субконтракт биржасында» 16,3 млрд теңгеге келісімшарттар жасалды
2019 жылғы 04 қазанда Нұр-Сұлтан қ. «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ ұйымдастырылған «Субконтракт биржасы-2019» өтті.
Іс-шараға қазақстандық ірі, орта және шағын бизнес өкілдері, жер қойнауын пайдаланушы компаниялар, жүйе құрушы кәсіпорындар, сондай-ақ, даму институттары, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі және мүдделі мемлекеттік органдар қатысты.
Биржа қатысушыларының арасында – «Еуразиялық топ», «Қазцинк», «Қазақмыс корпорациясы», «Қазтеміртранс», North Caspian Operating Company N.V., KAZ Minerals тобы, Karachaganak Petroleum Operating B.V., PSA Kazakhstan, «АрселорМиттал Теміртау», «АгромашХолдинг KZ», «Қостанай минералдары», «Қазақалтын ТКК» және машина жасау, тау-кен металлургия, химия, мұнай, жеңіл өнеркәсіп және басқа да салалардың отандық тауар өндірушілері.
Жергілікті қамту үлесін ұлғайту, қазақстандық бизнесті қолдау, дамыту және ішкі нарықта олардың әлеуетін ашуға ықпал ететін тауарлар, жұмыстар және қызметтер өндірісінің мәселелері бойынша кооперациялық байланыс орнату үшін тапсырыс берушілер мен жеткізушілер арасында тиімді B2B кездесулер ұйымдастыру Биржаның негізгі мақсаты болып табылады.
Биржа өткізілген үш жылда «Субконтракт биржасы» өзін ірі, орта және шағын бизнес субъектілерінің өзара іс-қимылының маңызды алаңы ретінде көрсетті. 2017 жылы «Астана ЭКСПО-2017» алаңында ұйымдастырылған Биржада отандық компаниялар арасында 6 кооперациялық келісім жасалды. 2018 жылы отандық өндірушілердің тауарларын ішкі нарықта жылжыту және импорт алмастырушы өндірістерді дамытуға жәрдемдесу мақсаты болып табылатын 6 үш тарапты келісім мен
2 екі тарапты меморандумға қол қойылды.
Биржа-2019 қорытындысы бойынша KAZ Minerals тобы («ВостокЦветМет» ЖШС, «ҚАЗ Минералз Ақтоғай» ЖШС және «ҚАЗ Минералз Бозшакөл» ЖШС) кәсіпорындары және отандық тауар өндірушілер «Новопек» ЖШС, «ComTrade Product» ЖШС және
«IC textile» ЖШС арасында жалпы сомасы 16,3 млрд теңге келісімшарттарға қол қойылды.
«QazIndustry» ҚИЭО» Басқарма төрағасы Әлішер Әбдіқадыров құттықтау сөз сөйлей отырып, келісімшарттар жасауға және мемлекеттік сатып алулардағы жергілікті қамту үлесін арттыруға ықпал ететін іс-шаралар Орталықпен тұрақты негізде жүргізілетіндігін атап өтті және «Субконтракт биржасы» іскери байланыс орнату мен кооперациялық байланыс құру үшін маңызды құрал болып табылады.
Қазақстандық өндірушілер үшін үлкен маңызы бар «QazIndustry» бастамаларының ішінде Басқарма төрағасы Дүниежүзілік банкпен бірлескен жоба – Жеткізушілерді дамыту қызметінің іске қосылғандығын атап өтті. Бұл жоба біріншіден отандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін дамытуға бағытталған және экономиканың шикізат және өңдеу секторында ірі тапсырыс берушілер үшін әлеуетті жеткізушілер болуға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, Әбдіқадыров мырза: «Еуразиялық өнеркәсіптік кооперация, субконтрактация және технология трансфері желісі» жобасы бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде, онда ғылым мен бизнесті, жаңа өнімді жасауға берілген тапсырыстар нәтижесінде туындайтын проблемалық мәселелерді талқылауға арналған виртуалды алаңдар көзделген. Еуразиялық субконтрактация желісін құру және оның толық жұмыс жасауы ЕЭО мүше мемлекеттерде өнеркәсіптік өндірістің өсу қарқыны мен көлемін арттыруға мүмкіндік береді», - деп хабарлады.