Қостанайда 19-20 сәуір аралығында "KazWaste" Қазақстандық қалдықтарды басқару қауымдастығы" ЗТБ ұйымдастырған "Қазақстанда қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру" тақырыбында семинар-кеңес өте
Аталған семинардың мақсаты - индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне еңбек өнімділігін арттыруға және аумақтық кластерлерді дамытуға бағытталған мемлекеттік қолдау көрсету шараларын түсіндіру.
Естеріңізге саламыз, 2017 жылы 3 қазанда Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне еңбек өнімділігін арттыруға және аумақтық кластерлерді дамытуға мемлекеттік қолдау көрсету қағидаларына өзгерістер күшіне енгізілді, оған сәйкес:
- тарихи кезең 24 айға дейін артты.
- кәсіпорынның құзыретін арттыруға жұмсалған шығындарды өтеуді қоспағанда, Өтінім беруші көтерген шығындарды өтеудің барынша сомасы 60 миллион теңгеге дейін ұлғайды,
- бұл құралда барынша қолдау сомасы 30 миллион теңгені құрайды.
- қызметтерді көрсету кезінде тартылған бір штат және/немесе штаттан тыс маманның болуы жеткілікті.
- *Бұл ретте кейбір құралдарда тиісті жұмыс өтілі расталған, техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды тарту көзделген.
- Қағидалар шеңберінде технологиялық процестерді жетілдіру жүзеге асырылатын қызметтердің/жұмыстардың тізбесі кеңейтілді. Осылайша, өнім өндірісін қамтамасыз ету, сүйемелдеу және басқаруға монтажбен және/немесе шеф-монтажбен байланысты шығындар да жатады (бұрын тек шеф-монтаж ғана көзделді).
- сарапшыларды тарту жолымен үздік өндірістік практикаларды енгізу, сондай-ақ Қағидалардың ережелеріне сәйкес құрал алу өтініміне қоса берілетін, орындаушының қызмет көрсету қорытындылары бойынша есепке қойылатын талаптарды енгізу мақсаттары нақтыланды.
Басталуы 09:00 с.
Семинар-кеңестің өткізілетін орны: Қостанай қаласы, Таран көшесі 85, Қостанай қаласы Филармониясының ғимараты, 5-қабат, мәжіліс залы.