2018 жылдың 19 маусымында сағат 15:00 Көрме орталығында «Қазақстандық индустрия дамыту институты» АҚ («ҚИДИ») 25 Дүниежүзілік Тау-кен Конгресі аясында Қатты пайдалы қазбаларды шығарудың жаңа
Дөңгелек үстел жұмысына ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасарыҚанат Баитов, ВИСТ Азия* бас директоры Гүлсара Еділбаева, Назарбаев университетіне қарасты Жер ғылымдары және тау-кен істері мектебінің өкілі Фиделис Суоринени, сонымен қатар даму институттары, кәсіпкерлер палатасы, отандық өнеркәсіптік кәсіпорындар өкілдері қатысады. Дөңгелек үстел жұмысы The Boston Consulting Group серіктесі және Ресейдегі өкілдігінің басқарушы директоры Андрей Новицкийдің модераторлығымен өтеді.
Дөңгелек үстелді өткізу барысында қатты пайдалы қазбаларды шығаруды басқару барысында кешендік ақпараттық-технологиялық тәсілдерін енгізу, ақпараттық және цифрлық технологияларды қолдану, табиғи ресурстарды басқарудың түрлі сатыларындағы технологиялар трансферінің (геологиялық барлау, шығару, байыту, металлургия) дүниежүзілік тәжірибелері мәселелері талқыланатын болады.
Дөңгелек үстел өткізудің басты мақсаты – кешендік ақпараттық-технологиялық тәсілдерін енгізу бойынша нұсқаулармен ұсыныстарды әзірлеу, тау-кен-металлургиялық кешеннің түрлі технологиялық сатыларындағы тиімді ақпараттық өзара әрекеттесуі кезінде туындайтын кедергілерді анықтау, қатты пайдалы қазбаларды шығаруды дамытудың жаңа стратегиясы мен шешімдерін іздеу болып табылады.
Толық ақпаратты келесі телефон бойынша ала-аласыз:
+7 (7172) 98 37 84 (іш. 1055, іш. 100).