Алматының жиһаз кластері Басктер Елінің тәжірибесімен танысты

28 мамырмен 2 маусым аралығында Алматы қаласының жиһаз кластері өкілдері 25 жылдан астам уақыт бойы жиһаз кластерін сәтті іске асырып келген Еуропаның алғашқы аймақтарының бірі Басктер еліне

Сапардың басты мақсаты жиһаз компаниялары дамуының стратегиялық бағыттарымен, жергілікті және шетелдік нарықтардағы бәсекелестік стратегиясымен танысу және HABIC жиһаз кластерін дамыту тәжірибесін зерттеу болды.

Infyde ID (Испания) консультациялық компаниясының ұйымдастырған халықаралық танысу сапары ҚР Инвестициялар және даму министрлігі және HABIC Басктер Елінің жиһаз кластері қолдауымен Дүниежүзілік банк «Қазақстандағы ШОК бәсекеге қабілеттілігін арттыру» жобасы аясында өткізілді.

Кездесуге ҚР жиһаз және ағашөңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындар ассоциациясының Президенті Ержан Садықов, Алматы жиһаз фабрикасы директорының орынбасары  Ксения Глухова, Hettich компаниясының Қазақстандағы өкілі Алексей Мецлер және «ҚИДИ» АҚ Кластерлік даму орталығының директоры Тимур Шалабаев қатысты.

Делегация Сан-Себастьян және Бильбао қалаларында орналасқан жиһаз компаниялары («Danona», «Lanmobel», «Induo», «Treku», «Equilan», «Ondaretta», «Revers», «Mosel»), кластерлік ұйымдары («HABIC», «GAIA», «ERAIKUNE»), «Layle», EASO politeknikoa (жиһаз саласына кадрлерді дайындауды жүзеге асыратын политехникалық колледж), «Elkor», «Biele», «ICAZA», Басктер Елінің өнеркәсіптік дизайн Ассоциациясы,  «CIDEMCO» технологиялық орталығы, Gipuzkoa провинциясының экономиканы дамыту департаменті, «SPRI» дамыту институты сияқты ұйымдардың жұмысымен танысып, іске асырылған кластер жобалары Табакалера мәдени орталығы және Бильбао қаласындағы туристтік ақпараттық орталығының шоу – румдарын тамашалады. 

 

Жалпы алғанда, Басктер елімен Қазақстанның жиһаз кластеріндегі орын алған негізгі мәселелері ұқсас келеді, атап айтсақ:

  • Шетелдік жабдықтармен фурнитураның импорты (Германия, Италия)
  • Бұл жабдықтарға сервистік қызмет көрсететін кадрлардың тапшылығы
  • Колледждердегі дайындау деңгейімен компаниялардың қоятын талаптары арасындағы алшақтық

Сонымен қатар, компаниялар жұмыс күшіне қыруар қаржы жұмсауда (жылына 1 қызметкерге 25 000 еуро), оған 21% ҚҚС салығын қосыңыз. Сондай-ақ, әр жиһаз компаниясының өзіндік нақты даму стратегиясы және мақсатты нарық сегменттеріне аса мән берулері бұл компаниялардың отандық нарықта бәсекеге қабылетілігін арттырып, шетелдік нарықтарға шығу мүмкіндік тудырады.

Мәселен, «Lan mobel» компаниясы ИКЕА сияқты ірі шетелдік компаниялар тарапынан бәсекелестіктің жоғары екеніне қарамастан жылдар бойы үй жиһазы секторында жұмыс істеп келсе, соңғы жылдары келісім-шарт бойынша жиһаз шығару сегментін (көбіне отелдерге арналған жиһаз) дамыту арқылы өз бизнестерін әртараптандыруды қолға алды. Қазіргі таңда бұл сегмент компания бизнесінің 20% жуығын құрайды, дегенмен компания бұл көрсеткішті 50% дейін арттыруды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, компания модульдік жиһаз өндірісінде инновацияларды қолдана отырып жастарға арналған  жиһаз сегментін күшейтуді жоспарлауда.     

Сан-Себастьян қаласындағы Lan Mobel компаниясының жиһаз өндірісі

HABIC кластерінің Бильбао, Мадрид және Мехико қалаларында шоу-румдар құру, Бильбао қаласындағы туристтік ақпараттық орталығын жабдықтандыру және кластер компаниясының Миланда өтетін жыл сайыңғы халықаралық салалық көрмесіне қатысуды қамтамасыз ету бастамалары аталған салада қызмет жасайтын компанияларға өте тиімді үлгі болуы мүмкін.

Алматы қаласының жиһаз кластері делегациясы EASO politeknikoa колледжі басшылығымен бірге

HABIC кластерінің жиһаз дизайнерлерімен, декораторлармен және дистрибьютерлермен серіктестігін ерекше атап өту қажет. Бүгінгі күні дизайнерлермен декораторлар кластердің қарапайым мүшелері ғана емес: олар  дайын интерьерлік шешімдер ұсынатын кампания стратегиясының бір бөлігін құрайды, сонымен қатар дизайнерлер көп жағдайда жиһаз компанияларының тұтынушылармен байланысын қамтамасыз ететін клиенттері болып табылады. 

Бильбао қаласының 2014 жылы ЮНЕСКО-ның Дизайн қаласы деп танылуы бекер емес, бұл дегеніміз өнеркәсіптік дизайнның бөлек сала ретінде өңірдегі биік деңгейін дәлелдейді.

Алматы қаласының жиһаз кластері делегациясы HABIC жиһаз кластерінің Сан-Себастьян қаласының ТАБАКАЛЕРА заманауи мәдениет орталығындағы шоу-румында

 

Сапар нәтижелері бойынша жасалған негізгі қорытындылары 19 маусым күні Алматы құрылыс-техникалық колледжінде өтетін жиһаз кластері Жұмыс топтарының екінші отырысында ұсынылатын болады. Басталуы сағат 14:00.

Солдан оңға қарай: Белен Барроета, Оксана Шойму, Тимур Шалабаев, Ержан Садықов, Хуан Эстебан, Ксения Глухова, Алексей Мецлер