ҚИДИ мен Қазақнергоэкспертиза арасында меморандумға қол қойылды

ҚИДИ мен Қазақнергоэкспертиза арасында меморандумға қол қойылды

13 қазанда ҚИДИ басқарма төрағасы Берік Бекенов пен «ЭЭДЭҮИ» АҚ төрағасы Бауржан Смағұловпен кездесуі барысында әріптестік пен өзара әрекеттестік туралы меморандумға қол қойылды.

 

Аталмыш құжатқа қол қою рәсіміне төрағаның бірінші орынбасары Марат Идрисов, Индустрияландыру бағдарламасы орталығының директоры

Булатбек Беков, Стратегиялық жобалар орталығының директоры Рахымжан Ерназар мен Салалық талдау ортылығы директорының орынбасары Тұрар Жолмағамбетов қатысты.

 

«ЭЭДЭҮИ» тарапынан іс-шараға төрағаның орынбасары Олжас Әлібеков, Мәліметтер жинау және өңдеу орталағының директоры Алмат Қабыкенов, Энергия үнемдеу және энергия тиімділік бойынша аналитика орталығының директоры Олжас Қабденов, Халықаралық ынтымақтастық, инвестиция тарту және ақпараттық қолдау орталығының директоры Жәнібек Ахметовт пен Жобаларды басқару және МЖӘ дамыту орталығының директоры Дархан Құрманбаев қатысты.

Қол қойылған құжаттың мақсаты - индустриалды-инновациялық даму бағытындағы ұзақмерзімді, нәтижелі және екі тарапқа да тиімді әріптестік орнату.

 

Меморандум шеңберінде әріптестік келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

  • Аймақтар мен салалар бойынша энергия үнемдеудің тиімділігін бағалау;
  • я 4.0 технологияларын енгізуді ынталандыру шараларын және саясатын дайындау;
  • Өндірісті қуатпен қамтамасыз етудің баламалы түрлерін іздеп табу және т.б.

 

Кездесудің соңында Берік Бекенов меморандумның өзара әрекеттестікті жоғары деңгейге көтеріп, алға қойылған мақсаттардың орындалуына ықпал тигізетінін айтып өтті.