«Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары тағайындалды
2019 жылдың 24 маусымында «Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болып Кәкімжанов Айдар Әулияханұлы тағайындалды.
Айдар Кәкімжанов 1977 жылы 11 қаңтарда дүниеге келген. 1999 жылы Ресей Мемлекеттік әлеуметтік университетін «экономика» мамандығы, Caspian Business School MBA «Іскерлік әкімшілендіру» бағыты бойынша тәмамдаған.
Бөлшек және корпоративтік сату, маркетинг, сақтандыру және банк секторындағы стратегиялық жоспарлау саласында 20 жылдық тәжірибесі бар. Атап айтқанда, «Halyk LIFE» Өмірді сақтандыру бойынша Халық банкінің еншілес ұйымы, «Цеснабанк» АҚ, «Өмірді сақтандыру компаниясы» мемлекеттік аннуитивтік компания» АҚ, «AMANAT INSURANCE» АҚ, «Азия LIFE» және «Kompetenz» сақтандыру компаниясы» АҚ сияқты компанияларда жұмыс атқарған.
«Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ-да Айдар Кәкімжанов кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау шараларын көрсету мәселелеріне жетекшілік ететін болады.