Новые назначения АО "КИРИ"
2018 жылғы 8 қазанда «ҚИДИ» АҚ Директорлар кеңесінісің шешімімен, № 8 хаттама, Дана Бейсенқызы Жүнісова «Қазақстандық индустрия дамыту институты» АҚ Басқарма Төрағасы лауазымына тағайындалды.
Дана Бейсенқызы Жүнісова 2006 жылы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономика университетін тәмамдаған, біліктілігі - экономист. Қазіргі таңда Еуропалық университет бағдарламасымен Халықаралық бизнес академиясының магистратурасында білімін жалғастырып келеді.
Еңбек жолын 2003 жылдан бастап, «ҚТЖ» Ұлттық компаниясы» АҚ, «Астана-Финанс» АҚ, «2011 жылғы 7-ші қысқы Азия ойындарын Ұйымдастыру комитетінің атқарушы дирекциясы» АҚ, сонымен қатар жеке меншік секторында қызмет атқарған.
2012-2015 жылдары «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Тарифтерді құру департаменті директорының орынбасары, Экономикалық интеграция департаменті директорының орынбасары, Өнеркәсіптік және инвестициялық саясат департаментінің директоры, Экономикалық интеграция департаментінің басқарушы директоры қызметтерін атқарды.
2016-2018 жылдар аралығында «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
2018 жылдың сәуір айында ҚР Ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды.
Еуразиялық экономикалық одағы мүше-мемлекеттері басшыларының «Еуразиялық экономикалық одағын құруға қосқан үлесі үшін» II дәрежелі медалімен, Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекет алдында сіңірген еңбегі, белсенді қоғамдық қызметі, еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін құрмет грамотасымен марапатталды.
Институтты бұған дейін басқарған Берік Темірғалиұлы Бекенов басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды.