2018 жылғы 6 тамызда «Зерде» ұлттық ақпараттық-коммуникациялық холдингі» АҚ бірлесе «ҚИДИ» АҚ-нда Цифрландыру күні өткізілді.
Іс-шараға технологиялық шешімдері бар және пилоттық кәсіпорындарда –цифрлық үлгілік фабрикаларына Индустрия 4.0 технологияларын енгізу бойынша жобаларға қатысуға мүдделі ИТ-компаниялар шақырылды. Қатысушылардың арасында «ҰТТА Қазақстан» АҚ, «BeCloud» ЖШС, «Dynamic Business Technologies» ЖШС, «10Tech», «Welldone» тәрізді компаниялардың өкілдері болды. Сондай-ақ кездесуге АҚ – цифрлық үлгілік фабрикаларды құру бойынша жобалардың қатысушысы әрі жеке цифрландыру жобаларын жүзеге асыратын «Eurasian Foods» компаниясының басшысы да шақырылды.
Анықтама: Үлгілік цифрлық фабрикаларды құру жобасын Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі «ҚИДИ» АҚ-мен бірлесе «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының аясында іске асырады. Бұл жобаның мәні Индустрия 4.0 мақсатты технологияларын (зияткерлік шешімдер, нақты уақыт режимінде мониторингтеу, операцияларды автоматтандыру және т.б.) орта мерзімді келешекте іріктілген 7 жеке кәсіпорында енгізуден тұрады.
Кездесу қатысушылары шешімдер презентацияларымен алмасып, презентациядан ұсынылатын шешімдердің функционалдық мүмкіндіктерін, сондай-ақ пилоттық тестілеу шарттарына сай жобаларды практикалық іске асыру бойынша қызығушылық туғызатын мәселелерді талқылады.
Іс-шараға сондай-ақ «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ, Еуразиялық ұлттық университетінің өкілдері қатысты.
Кәсіпорындарды цифрландыру бойынша қолданыстағы дайын шешімдерге кеңінен тарту және дәріптеу мақсатында ИТ-компаниялардың өкілдері Индустрия 4.0 үшін шешімдерді енгізу бойынша кейстерді, соның ішінде Интернет-ресурстардағы айдарлар арқылы, оларда қолданыстағы технологиялық ИТ-шешімдердің презентацияларын орналастырумен одан әрі ақпараттандыру және жариялау жөнінде ниеттерін білдірді.