Оралдық кәсіпорындарға шығындарды өтеу туралы айтылды

13 сәуірде Оралда Батыс Қазақстан облысы Индустриялық-инновациялық даму басқармасы ұйымдастырған семинар-кеңес өтеді.

 

Аталған семинардың мақсаты - индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне еңбек өнімділігін арттыруға және аумақтық кластерлерді дамытуға бағытталған мемлекеттік қолдау көрсету шараларын түсіндіру.

 

 

Семинарға Батыс Қазақстан облысының шамамен 30 кәсіпорны атсалысты. "ҚИДИ" Қолдау құралдары орталығының директоры Раушан Еділбаева Еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтып берді.

 

          

Естеріңізге саламыз, 2017 жылы 3 қазанда Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне еңбек өнімділігін арттыруға және аумақтық кластерлерді дамытуға мемлекеттік қолдау көрсету қағидаларына өзгерістер күшіне енгізілді, оған сәйкес:  

- тарихи кезең 24 айға дейін артты.

- кәсіпорынның құзыретін арттыруға жұмсалған шығындарды өтеуді қоспағанда, Өтінім беруші көтерген шығындарды өтеудің барынша сомасы 60 миллион теңгеге дейін ұлғайды,

- бұл құралда барынша қолдау сомасы 30 миллион теңгені құрайды.

- қызметтерді көрсету кезінде тартылған бір штат және/немесе штаттан тыс маманның болуы жеткілікті.

- *Бұл ретте кейбір құралдарда тиісті жұмыс өтілі расталған, техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды тарту көзделген.

- Қағидалар шеңберінде технологиялық процестерді жетілдіру жүзеге асырылатын қызметтердің/жұмыстардың тізбесі кеңейтілді. Осылайша, өнім өндірісін қамтамасыз ету, сүйемелдеу және басқаруға монтажбен және/немесе шеф-монтажбен байланысты шығындар да жатады (бұрын тек шеф-монтаж ғана көзделді).

- сарапшыларды тарту жолымен үздік өндірістік практикаларды енгізу, сондай-ақ Қағидалардың ережелеріне сәйкес құрал алу өтініміне қоса берілетін, орындаушының қызмет көрсету қорытындылары бойынша есепке қойылатын талаптарды енгізу мақсаттары нақтыланды.

 

 

Бағдарлама туралы толығырақ оқыңыз.

Сұрақтар туындаса, мына мекенжай бойынша ұлттық институтқа тікелей хабарласуыңызға болады: Астана қаласы, Достық көшесі, 18, "Мәскеу" БО 19 қабат. Байланыс нөмірлері: +7 (7172) 983781, 983782 (ішкі 1029, 1027, 1059, 100).