Дүниежүзілік банктің және «ҚИДИ» АҚ-ның оқытуы
Халықаралық қайта құру және даму банкі мен Қазақстан Республикасы арасындағы келісімге сәйкес «Қазақстанда шағын және орта кәсіпкерліктің бәсекеге қабілеттілігін арттыру» жобасы іске асырылады. Осы Жобаның аясында аумақтық кластерлерді дамыту жөніндегі бағынысты компонентті іске асыру көзделеді. Дүниежүзілік банк сарапшылары 2016 жылғы 28-31 наурыз аралығында Астанада «ҚИДИ» АҚ командасы, Энергетика министрлігінің өкілдері және «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы үшін кіріспе оқыту модулін өткізді.
Оқыту барысында Дүниежүзілік банк өкілдері кластерлерді дамытудың әлемдік тәжірибесіне сүйене отырып, кластерлік саясат негіздерімен таныстырды және ЕО елдерінде кластерлік бастаманы ілгерілету мен дамытудағы өз тәжірибесімен бөлісті, кластерлерді дамыту әдіснамасы ұсынылып, талқыланды. Біздің еліміздің жағдайында ұсынылған әдіснаманың тиімділік мәселелері және Қазақстанның ерекшелігін ескере отырып, кластерлік саясатқа қандай толықтырулар енгізуге болатындығы пікірталас дау туғызды. Бұған қоса, елде кластерлік бағдарламаны ілгерілету және насихаттау әдістері талқыланды.