«ҚИЭО» АҚ Индустриалық-инновациялық субъектілерінің шығындарының бір бөлігін өтеу жөнінде өтінімдерін қабылдауды бастағаны туралы жариялайды
«Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген және техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесі тізіліміне енгізілген, жалпы танылған халықаралық стандарттарға сәйкес отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді және сапа менеджменті жүйелерін сәйкестiктi растау кезінде индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу жөнінде өтінімдерін қабылдауды бастағаны туралы жариялайды, оның ішінде:
1) отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және сапа менеджменті жүйесіне сәйкестiктi растауға байланысты консультациялық қызметтерге;
2) отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi iшкi нарықта ілгерілету бойынша шығындарды өтеу арқылы жүзеге асырылады.
Өтінімдерді қабылдау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 1164 бұйрығымен бекітілген «Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта ілгерілету бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын бекіту туралы» (әрі қарай - Қағидалар) сәйкес, хабарландыру алғашқы жариалау мерзімінен бастап бір ай ішінде жүзеге асырылады.
Қажетті құжаттардың тізімі:
Өтінім осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады, оған мынадай құжаттар мен материалдар қоса беріледі:
1) жеке тұлға үшін:
кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелгені туралы құжаттың, жеке басын куәландыратын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі не салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын ұсыну шартымен оның көшірмесі;
заңды тұлғалар үшін:
индустриялық қызмет субъектілерінің құрылтай құжаттарының нотариалды расталған көшірмелері (жарғы, мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік немесе анықтама) не салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын ұсыну шартымен оның көшірмесі;
2) салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша үш айдан ұзаққа созылған берешегінің жоқ (бар) екені туралы салық органының анықтамасының түпнұсқасы. Анықтама өтінімдерді қабылдау туралы хабарландыру шыққан күннен бұрын берілмеуі тиіс;
3) индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің мөрімен куәландырылған отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта өткізу фактісін растайтын құжаттардың (шарттар, шот-фактуралар, орындалған жұмыстар/көрсетілген қызметтер, тауарды жеткізу/қабылдау, өткізу актілері) көшірмелері;
4) ішкі нарыққа өткізілген өнімдердің («CT-KZ» нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификат), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің қазақстандық шығу тегін растайтын құжаттардың көшірмелері;
5) Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген шығын түрлері бойынша жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге арналған шарттардың, орындалған жұмыс, көрсетілген қызмет актілерінің, шот-фактуралардың, төлем тапсырмаларының нотариат растаған көшірмелері не салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын ұсыну шартымен олардың көшірмелері;
6) өнімнің, қызметтің техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға, стандарттардың ережелеріне сәйкестігін куәландыратын құжаттардың нотариат растаған көшірмелері не салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын ұсыну шартымен оның көшірмесі;
7) сәйкестікті растау қызметтеріне ақы төлеу үшін сәйкестікті растау және валютаны айырбастау жөніндегі көрсетілетін қызметтерге берушіге ақы төлеу валютасының аударылғанын, айырбасталғанын растайтын банк куәландырған құжаттардың көшірмелері;
8) құжаттар тізімдемесі.
Өтінімдерді қабылдау орны: Нұр-Султан қ., Қабанбай батыр даңғылы, 17, «Е» блогы, 502 кабинет. Өтінімдерді қабылдауды бастау күні 2019 жылдың «19» тамыздан. Өтінімдерді қабылдаудың аяқталу мерзімі 2019 жылдың «30» қыркүйекті қоса алғанда.
Қажетті ақпараттар бойынша 8 (7172) 983 781 ішкі 444 телефоны арқылы хабарласуыңызды сұраймыз.