Алматы қ. жиһаз кластерінің алғашқы көпшілік таныстырылымы

А.ж. 13 сәуір "ҚИДИ" АҚ Инфиде компаниясының шетелдік кеңесшілерімен бірге Алматы қ. жиһаз кластерінің алғашқы көпшілік таныстырылымын өткізді

13 сәуірде Алматы қ. ҚР Ұлттық экономика министрлігінің, ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің, сондай-ақ Дүниежүзілік банктің "ҚР ШОК бәсекеге қабілеттілігін арттыру" жобасының қолдауымен "ҚИДИ" АҚ Индифе (Испания) компаниясының шетелдік кеңесшілерімен бірге Алматы қ. жиһаз кластерінің алғашқы көпшілік таныстырылымын өткізді.

Таныстырылымға Дүниежүзілік банк жобасының жетекшісі Стефка Славова, Алматы қ. Өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Бағдат Телебай, ҚР Жиһаз және ағаш өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары қауымдастығыынң Президенті Ержан Садықов, Алматы құрылыс-техникалық колледжінің директоры Ысқақ Нұрмұханбетов, Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясының оқытушылары, сондай-ақ Алматы қ. жиһаз кластері компаниясының басшылары мен өкілдері қатысты: Алматы жиһаз фабрикасы, BMG Engineering,  Hettich өкілдігі,  Blum өкілдігі, «Freestyle» ЖШС, «Art Мебель» ЖШС, «Lam Tech» ЖШС, «Cara hardwood» ЖШС, «ДСП-Центр ЖШС», «Торнадо плюс» ЖШС.

 "Бүгінгі таңда Алматы қ. жиһаз кластері - бұл қалыптасқан тарихи факт: мұндай саладағы жиһаз компанияларының көпшілігі шоғырланған, ресми өкілдіктердің жабдықтар мен фурнитураны жеткізушілері бар, оқу орындары жұмыс істейді, біздің қауымдастық белсенді жұмыс атқарып жатыр", - деп атап өтті ЖАӨКҚ Президенті Ержан Садықов, - "Дүниежүзілік банктің жобасына қатысып, біз сала дамуының стратегиялық болжалын қалыптастырғымыз келеді және мемлекеттік даму институттарының қолдауымен оны іске асыруға кіріскіміз келеді".

 

Таныстыру шеңберінде қатысушыларға "ҚИДИ" АҚ қызметкерлері шетелдік кеңесшілермен 2018 ж. қаңтар-наурызда жүргізген сала кәсіпорындармен жасалған жұмыстың нәтижесі ұсынылды. Сондай-ақ, әлемдік тақтай материалы нарығына шолу жасалды, осы саладағы түйінді стратегиялық баламалар қарастырылды, сондай-ақ Орталық Азия елдерінің жиһаз нарығына шолу талқыланды.

Талқылау барысында таныстырылымға қатысушы компаниялар кадрларды даярлау және құзыреттілікті дамыту, өнімді өткізу, мемлекеттік сатып алуға қатысудың қиындығы, өндірістік қуатты жаңғырту қажеттілігі мәселелерін көтерді.

Сондай-ақ, қатысушыларға Испаниядағы HABIC жиһаз кластері мысалында шетелдік кластерді дамыту тәжірибесі ұсынылды, оны таныстырылым шеңберінде кластер менеджері Эдуардо Хеменез жүргізді. HABIC Баск жиһаз кластері саланың түрлі даму бағыттары бойынша өз компанияларымен белсенді жұмыс жасайды. Мысалы, интерьер дизайны, жиһаз таңдау, жарық, интеграцияланған жүйелер бойынша бойынша дайын шешімдерді әзірлеу, сондай-ақ заманауи гаджеттерге жалғау қоса орнатылған жиһаздарды әзірлеу бойынша бірлескен жобалар іске асырылады.  Кластерге қатысушы компаниялар мемлекеттен 25% шамасында қолдау алып, бірге Милан көрмесіне (әлемдегі жиһаз бойынша ең ірі іс-шараға) қатысады. Экспортты жылжыту және сатуды ынталандыру мақсатында кластерде  Сан-Себастьян және Мехико қ. дизайнерлік үй түрінде 2 шоу-рум құрылды, мұнда 20 жуық компания әрқайсысы 20 ш.м. дейінгі ауданда өз өнімдерін көрсете алады. Кластер дизайнерлермен, сәулетшілермен белсенді жұмыс істейді.

Бұл таныстырылым кластердің ағымдағы жағдайын диагностикалауға арналған кезеңнің қорытындылады. Келесі кезеңде а.ж. мамыр-тамыз аралығында "ҚИДИ" АҚ кластер компанияларымен бірге Кластерді дамыту іс-шараларының жоспарын жасауға кіріседі.

"Біз жиһаз саласындағы дамып жатқан жаһандық үрдістерді ескере отырып, компанияларға олардың бизнесін дамытудың жаңа стратегиялық бағыттарын ұсынатын жұмысқа кірістік", - деді "ҚИДИ" АҚ кластерінің менеджері Тимур Шалабаев, - "Бүкіл әлемде көптеген кластер өзінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында ынтымақтастық және бірлескен бастамаларды іске асыру арқылы осы жолмен дамып келеді. Біз Алматы қ. жиһаз секторының барлық мүдделі компанияларын бірлесіп жұмыс істеуге шақырамыз".