«ҚИДИ» АҚ-ның Астана және Ақмола облысындағы кәсіпорындарға
2017 жылғы 24-25-қаңтарда «Қазақстандық индустрия даму институты» АҚ-ның (бұдан әрі – «ҚИДИ» АҚ) өкілдері Астана қаласының, Ақмола облысының Қосшы аулындағы кәсіпорындарына барып, өндірістік кәсіпорынның басшыларымен жұмыс жиынын өткізіп, олардың өнеркәсібімен танысты.
- «DD21» ЖШС-і «Ақжан» жиһаздық өнімі - әлеуетті құрылымдар мен азаматтық ұйымдарды әскери және кеңсе жиһазымен қамтамасыз ету;
- «Инженерлік жабдықтардың зауыты» ЖШС-і «Эколос Қазақстан» компанияларының тобы - ағын суларды тазарту және қайта айдауға арналған жабдықтарды өндіру.
«Қазақстандық индустрия даму институты» ЖШС-нің қызметкерлері «Өнімділік 2020» қолдау көрсету шараларының механизмдерін және шарттарын түсіндіріп, сұранымдарды және «Өнімділік 2020» бағыты бойынша қолдау шараларын алу үшін құжаттар пакетін даярлау мәселелері бойынша кеңес берді.
Кездесу барысында, технологиялық үрдістерді жетілдірумен байланысты, қызметкерлердің біліктілігін арттыру, өнеркәсіптің тиімділігін ұйымдастыру және басқалары қолдау шеңберінде қайтарылуы мүмкін болатын кәсіпорындардың шығындары айқындалды. Кәсіпорындардың қызығушылық танытқан сұрақтарына толығымен жауап берілді.
«Өнімділік 2020» бағытының шеңберінде кәсіпркелік субъектілерін мемлекеттік қолдау туралы ақпаратпен www.kidi.gov.kz ҚИДИ ресми сайтында «Бизнесті қолдау» - «Өнімділік 2020» бөлімінде толығымен танысуға болады.