«ҚИДИ» АҚ-ы Астанадағы «Kaz Inter Cool» ЖШС-і кәсіпорнын көр

«ҚИДИ» АҚ-ы Астанадағы «Kaz Inter Cool» ЖШС-і кәсіпорнын көрді.

2017 жылғы 30-қаңтарда «Қазақстандық индустрия даму институты» АҚ-ның (бұдан әрі –«ҚИДИ» АҚ-ы) өкілдері Астана қаласындағы «Kaz Inter Cool» ЖШС-і өнердірістік кәсіпорынды көріп, олардың өнеркәсібімен таныс болды.

«Kaz Inter Cool» ЖШС-і неміс қозғалтқыштары (EBM & Ziehl Abegg) негізінде жоғары сапалы каналдық желдеткіштерді; өртке қарсы клапандарды, сондай-ақ тікбұрышты және мырышталған болаттан жасалған спирал тәрізді оралған ауа өткізгіштерін және басқа да көптеген нәрселерді өндіреді.

«ҚИДИ» АҚ-ның қызметкерлері өнеркәсіп кәсіпорынның басшыларымен жұмыс сапары кезіндегі кездесуде «Өнімділік 2020» қолдау көрсету шараларының механизмдерін және шарттарын түсіндіріп, сұранымдарды және «Өнімділік 2020» бағыты бойынша қолдау шараларын алу үшін құжаттар пакетін даярлау мәселелері бойынша кеңес берді.

Кездесу барысында, технологиялық үрдістерді жетілдірумен байланысты, қызметкерлердің біліктілігін арттыру, өнеркәсіптің тиімділігін ұйымдастыру және басқалары қолдау шеңберінде қайтарылуы мүмкін болатын кәсіпорындардың шығындары айқындалды.

Кәсіпорындардың қызығушылық танытқан сұрақтарына толығымен жауап берілді.

«Өнімділік 2020» бағытының шеңберінде кәсіпркелік субъектілерін мемлекеттік қолдау туралы ақпаратпен www.kidi.gov.kz ҚИДИ ресми сайтында «Өнімділік 2020» бағыты шеңберінде толығымен танысуға болады.