Астанадағы «KazConstructionGroup» ЖШС-і кәсіпорнын көру.

Астанадағы «KazConstructionGroup» ЖШС-і кәсіпорнын көру.

2017 жылғы 06-ақпанда «Қазақстандық индустрия даму институты» АҚ-ның (бұдан әрі –«ҚИДИ» АҚ-ы) өкілдері Астана қаласындағы «KazConstructionGroup» ЖШС-і өнердірістік кәсіпорынды көріп, олардың өнеркәсібімен таныс болды.

«KazConstructionGroup» ЖШС-нің негізгі қызметі құрылыс материалдарын (тауарлық бетон және пенопалистиролды) өндіру болып табылады.

ҚИДИ» АҚ-ның қызметкерлері өнеркәсіп кәсіпорынның басшыларымен жұмыс сапары кезіндегі кездесуде «Өнімділік 2020» қолдау көрсету шараларының механизмдерін және шарттарын түсіндіріп, сұранымдарды және «Өнімділік 2020» бағыты бойынша қолдау шараларын алу үшін құжаттар пакетін даярлау мәселелері бойынша кеңес берді.

Кездесу барысында, технологиялық үрдістерді жетілдірумен байланысты, қызметкерлердің біліктілігін арттыру, өнеркәсіптің тиімділігін ұйымдастыру және басқалары қолдау шеңберінде қайтарылуы мүмкін болатын кәсіпорындардың шығындары айқындалды.

«Өнімділік 2020» бағытының шеңберінде кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қолдау туралы ақпаратпен www.kidi.gov.kz ҚИДИ ресми сайтында «Өнімділік 2020» бағыты шеңберінде толығымен танысуға болады.