«Астана электротехникалық зауыты» ЖШС-не бару
2017 жылғы 26-қаңтардағы «Қазақстандық индустрия дамыту институты» АҚ-ның қызметкерлері Қазақстандық индустрия дамыту институты» АҚ-ның қызметкерлері Басқарма Төрағасы орынбасары Тұрлыбаев Т.Т және Қолдау құралдары орталығының бас сарапшысы Жармұхамбетов А.Қ. шақырумен «Өнімділік 2020» бағыты бойынша мемлекеттік қолдау шараларын алу механизмдерін түсіндіру мен зауыттың өндірістік қызметімен танысу мақсатында «Астана электротехникалық зауыты» ЖШС-не барды.
Зауыт электротехникалық өнімнің сертификаттанған отандық тауар өнідрушісі болып және энергетика саласында заманауи кешенді техникалық шешімдерді ұсынады. Зауытта келесі типтегі өнімдер қатары өндіріледі. Олар: әр түрлі орындаудағы метал, сендвич-панельді, және бетон корпустағы (ЖТАС; СЖТАС, ҚЖТАС, БЖТАС, 2ҚЖТАС, 2БЖТАС); суды бөліп тарату қондырғысы СБТҚ, жоғары вольтты камералар ЖВК, төменгі вольтті жиынтықты қондырғы ТВЖҚ, бөліп тарату шкафтары ЩО-70 және басқа электрқалқан өнімдері.
Кеңес нәтижесінде технологиялық үрдістерді жетілдіруге арналған мемлекеттік қолдау шаралары шеңберінде өтеуге мүмкін болатын кәсіпорынның шығындары анықталды.
«Өнімділік 2020» (нормативті құқықтық құжаттар, презентациялар және т.б.) бағыты бойынша мемлекеттік қолдау шараларын алу материалдары www.kidi.gov.kz ҚИДИ ресми сайтында «Бизнесті қолдау» - «Өнімділік 2020» бөлімінде орналастырылған.