12-13 маусым күні Талдықорған қаласында Алматы облысының Өңірлік даму орталығы ұйымдастыруымен индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің шығындарын қайтару шараларын түсіндіру бойынша
Семинар индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлкеттік қолдау көрсету Ережелері шеңберінде ұсынылатын еңбек өнімділігін арттыруға және аймақтық кластерлерді дамытуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру мақсатында ұйымдастырылды.
Семинарға Алматы облысының 50 жуық кәсіпорын өкілдері қатысты. Еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік қолдау шаралары жайында «ҚИДИ» АҚ Қолдау құралдары орталығының бас сарапшысы Нұрсұлтан Ақбердиев әңгімелеп берді.
2017 жылдың 3 қазанында еңбек өнімділігін арттыруға және аймақтық кластерлерді дамытуға бағытталған индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлкеттік қолдау көрсету Ережелеріне өзгерістер еңгізілгенін естеріңізге саламыз. Оларға сәйкес:
- Тарихи кезең 24 айға дейін ұзартылды.
- Өтінім берушінің көтерген шығындарын қайтарудың максималды сомасы 60 миллион теңгеге дейін артты, тек кәсіпорын құзыретін арттыру бойынша шығындарды қайтару сомасы өзгеріссіз қалды.
- Бұл құралдың максималды сомасы 30 миллион теңгені құрайды.
- Қызмет көрсету барысында штаттағы және/немесе штаттан тыс бір маманның тартылуы жеткілікті.
- Сондай-ақ, бір-қатар құралдарда қажетті жұмыс өтілі расталған жағдайда техникалық және кәсібибілімі бар мамандарды тарту көзделген.
- Ережелер аясында техникалық жетілдіру процестері іске асырылатын қызмет/жұмыстардың тізімі кеңейтілді. Осылайша, өнім өндіру процестерін басқару, сүйемелдеу және қамтамасыз ету шығындарына монтаждау және/немесе шеф-монтаждаумен байланысты шығындар қосылды (бұған дейін тек шеф-монтаж шығындары болатын).
Сарапшыларды тарту арқылы үздік өндірістік процестерді енгізу мақсаттары, сонымен қатар Ережелер талаптарына сәйкес орындаушының атқарған қызметі нәтижелері бойынша есеп беру талаптары нақтыланды.
Туындаған сұрақтар бойынша келесі мекен-жайда орналасқан ұлттық институтқа хабарласа аласыз: Астана қаласы, Достық көшесі 18, «Москва» БО 19 қабат.
Байланыс телефондары: +7 (7172) 983781, 983782 (іш.1029, 1027, 1059, 100).
Дереккөз: ҚИДИ баспасөз қызметі.